Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша  Департаменті «ҰлтССО» Қызылорда филиалымен бірлесе отырып,  2019 жылдың 20 маусымында «Аттракциондарды пайдалануға енгізу және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары» Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарын  талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» жүргізді. «Дөңгелек үстел»-ге Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет және демалыс паркі, жеке кәсіпкерлер өкілдерінің  қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстел мақсаты –2019 жылдың 01 шілдесінен бастап күшіне енетін «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға енгізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары» Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарын түсіндіру болып табылады.

Департамент қызметкерлері мен  «ҰлтССО» Қызылорда филиалының өкілдері «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға енгізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ҚР СТ негізгі талаптары түсіндірілді, атап айтқанда жергілікті атқарушы органда аттракционды есепке қою, аттракциондарды іске қосу, пайдалануға және аттракциондарды техникалық куәландыру.

Жергілікті атқарушы органдармен аттракциондарды тіркеу сәтінен белгіленген тәртіппен пайдалануға рұқсат алу сәтіне дейін қозғалады. Аттракциондар бүкіл қолдану уақытында толық, мерзімді және ішінара техникалық тексерулерден өтеді. Параметрлері жұмыс құжаттамасында көрсетілген мәннен асып кететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар пайда болған жағдайда, демалушыларға арналған аттракциондардың пайдалануы тоқтатылады. ҚР СТ талаптарына сәйкес, қауіпсіздік бойынша техникалық және ұйымдастыру  іс-шараларын жүргізу арқылы аттракциондағы қызмет көрсететін қызметкерлердің және келушілердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету арқылы менщік нысанына қарамастан қолданылатын аттракциондардың қауіпсіздігіне қолданатын ұйымның басшысы немесе меншік иесі  жауапты екендігі түсіндірілді.


Маржан Каримсакова,
Қызылорда филиалының
стандарттау және тауардың шығу тегін
сараптау секторының жетекші маманы