Национальный центр экспертизы и сертификации - Қызметтердің басқа түрлері
Сілтемемен бөліс

Қызметтердің басқа түрлері

  1. Еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандарды аттестаттау
  2. Полиграфия
  3. Энергия үнемдеу
  4. Ақпараттық технологиялар
  5. Аударма қызметі

Еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандарды аттестаттау – қауіпсіздікті, зияндылығын, ауырлығын, сол жерде орындайтын жұмыстардың қауырттылығын, еңбек гигиенасын анықтау және нәтижелері өндірісті жетілдіруге, оны анағұрлым қауіпсіз және зиянсыз ететін шараларды әзірлеуге мүмкіндік беретін өндірістік орта жағдайларының еңбектің қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатында өндірістік нысандарды бағалау бойынша шаралар кешені.       

 

Өздігінен еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандарды аттестаттау еңбектің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ету бойынша жұмыс берішінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, ол арқылы жұмыс берушінің төмендегі басқа да міндеттерін атқару сапасын бағалауға болады:

 

  • жұмыскерлер ғимараттарды, жабдықтарды қолдану, технологиялық үдерістерді орындау кезінде және де өндірісте пайдаланылатын аспаттарды, шикізаттармен материалдарды қолдану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуі;
  • әр жұмыс орынындағы  еңбек шарттары еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі;
  • жұмыскерлердің еңбек тәртібі мен демалысы еңбекті қорғау нормаларына сәйкестігі;
  • жұмыскерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғау құралдарын жеткілікті көлемде қолдануы;
  • жұмыскерлерді шаю және залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етуі.

 

Еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандарды аттестаттауға Қазақстан Республикасы территориясында әрекет ететін ұжымдардың барлық өндірістік нысандары жатады. Аттестаттау мерзімін ұйым еңбек шартының өзгерісіне қарай бекітеді, бірақ мерзімі өндірістік нысандардың соңғы аттестаттауынан кейін 5 жылда бір мәртеден кем болмауы керек. Аттестаттау тәртібінің бұзылғаны анықталса, Еңбек қауіпсіздігі және қорғауды мемлекеттік қадағалау және бақылау органының талабы бойынша кезектен тыс аттестаттау өткізілуі мүмкін. 

 

Еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандарды аттестаттау компанияның жеке зертханасында жұмыс берушінің жетекшілігімен жүргізіле алады. Ал мұндай зертхана болмаған жағдайда, бұл шаралар кешенін өткізуге мамандандырылған ұйымдар қатыстырылады, сонымен қатар азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартқа сәйкес басқа да аккредитивтелген зертханалардың қызметтері қолданыла алады.

 

«ҰССО» АҚ-ның жеке филиалдары санитарлық-гигиеналық, санитарлық-химиялық зертханалық зерттеулер жүргізетін, шу мен вибрацияның, электрмагниттік өрістердің кернеулігі деңгейін өлшейтін, басқа да физикалық факторларды анықтайтын, өндірістік ортаның факторларын бағалайтын және жұмыс орындарын аттестаттайтын еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандарды аттестаттауды іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізіміне кіргізілген. 

 

Бұл қызметтер төмендегі филиалдарда көрсетіледі:

Алматы облысы филиалы: + 7 (727) 303 91 40, 303 91 41, 303 91 27

Ақтөбе облысы филиалы: + 7 (713 2) 54 61 79

Атырау облысы филиалы: + 7 (712 2) 45 00 05

Шығыс Қазақстан облысы филиалы: + 7 (723 2) 25 49 19

Батыс Қазақстан облысы филиалы: + 7 (711 2) 23 97 45 (ішкі 126)

Жамбыл облысы филиалы: + 7 (726 2) 45 29 45

Жезқазған филиалы: + 7 (710 2) 72 21 91

Қарағанды облысы филиалы: +7 (721 2) 30 31 21

Қызылорда облысы филиалы: +7 (724 2) 23 53 78, 23 56 54

Қостанай облысы филиалы: + 7 (714 2) 54 50 01

Солтүстік Қазақстан облысы филиалы: +7 (715 2) 52 14 53

Полиграфиялық қызметтер кешенін ұсынғанымызда, біз баспаның жоғары сапасын, жеделдікті, жауапкершілікті, жұмыстағы біліктілікті, жеке сұраныстарды қанағаттандыру мен орынды бағаларды ұсынатынымызға кепілдік береміз.

 

Біз уәде беріп қана қоймай, сол уәдемізде тұрамыз, әрі Қазақстан Республикасының министрліктері, елшіліктер, денсаулық сақтау ұйымдары, коммерциялық ұйымдар, білім беру ұйымдары мен көңіл көтеру орындары сияқты тұрақты клиенттеріміздің жұмысымызға берген жоғары бағасын мақтан тұтамыз.

 

Полиграфия саласындағы қызметтер:

 

  • буклеттерді, дайджесттерді, ақпараттық материалдарды, күнтізбелерді және басқаларды әзірлеу;
  • А3 форматына дейін лазерлік баспа;
  • түсті суреттерді басып шығару;
  • презентациялық бейне роликтерді жасау (Қостанай);
  • пластик және металл серіппелермен брошюрлеу;
  • тираждау;
  • А3 форматына дейін көшірме жасау;
  • А3 форматына дейін фольгалау;
  • А3 форматына дейін ламинирлеу;
  • графикалық дизайн (баспа өнімдерінің, логотиптердің макеттерін) әзірлеу;
  • түптеу жұмыстары;
  • ксерокс қызметтері.

 

Төмендегілерді жасайды:

  • фирмалық бланктер;
  • күнтізбелер;
  • кітаптар, брошюралар, әдістемелік құралдар, блокноттар;
  • буклеттер, флаерлер, үнпарақтар;
  • ашықхаттар, шаңыру хаттары;
  • грамоталар мен дипломдар;
  • папкасы бар құттықтаулар;
  • куәліктер;
  • визиткалар;
  • бейдждер;
  • өздігінен көшірілетін қағада есепшоттар;
  • CD және DVD дисктерге жазу және басып шығару;
  • атаулы конверттер;
  • жапсырмалар;
  • мәзірлер және басқалар ...

 

Бұл қызметтер мына мекенжай бойынша көрсетіледі:

«ҰССО» АҚ-ның Орталық аппараты. Полиграфия қызметі (Астана): +7 (7172) 558 552 (ішкі 1171-1174), е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Қостанай облысы филиалы: тел.: + 7 (714 2) 54 69 46.

Батыс Қазақстан облысы филиалы: тел.: + 7 (711 2) 23 97 49.

Энергия үнемдеу – Қазақстан Республикасы отын-энергетикалық қорларын тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми, өндірістік және экологиялық шараларды жүзеге асыру, жылу-энергия қорларын пайдалануды азайтуға бағытталған шараларды әзірлеу. Ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың тепловизиялық бақылау құрылымдардың, жабдықтардың, жылу және электр желіліерінің әлсіз жетрелрін уақытында бауға және апаттық жағдайлардың қауіпін барынша азайтуға мүмкіндік береді.  Филиал мамандары мыналарды қамтамасыз ете алады:

 

  • ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың, энергия жүйелерінің тепловизиялық түсірілімі;
  • энергия қорларының шығын жолдарын анықтау;
  • энергия қорларының жылдық үнемін физикалық және қаражат түрінде есептеу;
  • энергия қорларын үнемдеу және қауптерді барынша азайтуға қажетті алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар.

Ақпараттық технологиялар мен қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру дәуірінде нарықтың құрылуы және менеджменттің түрлі жүйелерінің дамуы жағдайында жұмыстарды ақпараттық қолдау аса маңызды орын алады. Батыс Қазақстан облысы филиалының мамандары сіздерге мынадай қызмет көрсетеді:

 

  • дизайнды әзірлеу, материалдар (презентациялар, есептер, ақпараттық парақтар) мазмұнын іріктеу;
  • аз таралымды полиграфиялық өнімдерді жасау (визиткалар, қалта күнтізбелері, үстел күнтізбелері, түрлі буклеттерді, брошюраларды және т.б.);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның ең үздік тауары» сыйлығын алу үшін материалдарды даярлау және полиграфиялық түрде жасау;
  • «Қазақстанның ең үздік тауары» жергілікті (республикалық) сайыс-көрмесіне материалдарды даярлау;
  • Тұрақты даму бойынша есептерді, аналитикалық есептерді және басқаларды да дайындау;
  • Кәсіпорындар мен ұйымдарға презентациялық бейнероликтер жасау.

 

«ҰССО» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысы филиалына мына мекенжай бойынша хабарласыңыздар:

Орал қаласы, Гагарин көшесі 23. Ақпараттық технологиялар секторы: + 7 (711 2) 23 97 49 (ішкі 102), е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Түрлі тақырыптағы және түрлі мазмұнды мамандандырылған мәтіндерді мемлекеттік тілге кәсіби және сапалы түрде аударамыз. Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына сәйкес экономиканың түрлі секторларында жұмыс атқарамыз. Түрлі тақырыптағы аудармалар саласындағы көп жылғы тәжірибе кез келген күрделі мәтіндерді аударуға мүмкіндік береді.

 

Бұл қызметтер төмендегі филиалдарда көрсетіледі:

Ақмола облысы филиалы: + 7 (716 2) 40 26 71

Атырау облысы филиалы: + 7 (712 2) 45 15 81, 45 07 35

Шығыс Қазақстан облысы филиалы: + 7 (723 2) 26 25 71

Батыс Қазақстан облысы филиалы: + 7 (711 2) 23 97 49

Жезқазған филиалы: + 7 (710 2) 72 37 95

Қарағанды облысы филиалы: +7 (721 2) 44 17 21

Қызылорда облысы филиалы: +7 (724 2) 23 56 54

Қостанай облысы филиалы: + 7 (714 2) 54 69 46

Павлодар облысы филиалы: + 7 (718 2) 60 49 47

Солтүстік Қазақстан облысы филиалы: +7 (715 2) 52 13 99

Талдықорған филиалы: + 7 (728 2) 25 39 29

Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы: + 7 (725 2) 21 27 47