Национальный центр экспертизы и сертификации - Тауардың шығу тегін сараптау
Сілтемемен бөліс

Тауардың шығу тегін сараптау

Бизнестің табысты дамуы үшін экспортқа шығарылатын өнімдерді уақытында және дұрыс рәсімдеу өте маңызды. Тауардың шығу тегін сапалы сараптау және бағалау сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

 

Тауарды шетелге шығарғанда, кәсіпкердің кеден салығын азайтуға немесе одан толығымен босатылуына мүмкіндігі бар. Бұл тауардың шығу тегін құжат түрінде растайтын сертификатты рәсімдеген жағдайда мүмкін болады.

 

Тауардың шығу тегі туралы сертификат жеңілдікті кеден салығын қолдануға немесе одан толығымен босатылуына, сонымен қатар әкелінетін тауарды импортшы елде кез келген шектеуге жатпайтынын идентификациялауға мүмкіндік береді. Бұл жеңілдіктер төмендегілерге әсер етеді:

  • экспортталатын тауардың бағасына;
  • көтерме сада бағасына;
  • тұтынушыларға арналған бағаға;
  • нарықта ұсынылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне.

 

СТ-1 формасындағы сертификат ТМД елдерімен сауда жасағанда кеден салығы төлемінен толығымен басатады. А формасындағы сертификат ЕО елдерімен сауда жасағанда кеден салығын төмендету құқығын береді немесе кеден салығынан босатады.

 

«ҰССО» АҚ-ның филиалдары экспортқа және реэкспортқа, сонымен бірге ішкі айналымға арналған тауарлардың шығу тегі туралы төмендегі формаларда сертификатты рәсімдеуге тауардың шығу тегіне сараптау жүргізеді:

  • «СТ-1» - Қазақстаннан ТМД елдеріне шығарылатын тауарлар;
  • «СТ-2» - Қазақстаннан, ТМД елдеріненбасқа, еркін сауда туралы келісім жасасқан және күшіне енген елдерге шығарылатын тауарлар;
  • «А» - Еуропалық одақтың мүше елдеріне, сонымен бірге Преференцияның жалры жүйесінің аясында АҚШ, Канада, Жапония, Түркия, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария мен Лихтенштейн, Норвегия елдеріне экспортталатын тауарлар;
  • «Оригинал» - ағылшын немесе орыс тілдерінде (өтініш берушінің анықтауы бойынша), жоғарыда аталмаған басқа елдерге шығарылатын тауарлар;
  • «СТ-KZ» - ішкі айналымдағы тауарлар үшін.

 

Осы жұмыстарды жүргізу барысында кеңестік көмекті де «ҰССО» АҚ-ның мамандарынан алуға болады.

 

Қазіргі кезде Қазақстан отандық тауар өндірушілерге зор көңіл бөледі. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу кезінде жеңлдіктер заңды түрде бекітілген, сонымен қатар өкімет отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша шаралар жасауда. Осындай шаралардың бірі – төменде көрсетілгендерді өндіретін отандық әлеуетті жеткізушілерден, демек Қазақстан Республикасы резиденттерінен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қазметтердің) номенклатурасын бекіту:

  • Кеден одағының және/немесе Қазақстан Республикасының кедендің заңнамаларына сәйкес толығымен Қазақстанда өндірілетін тауарлар;
  • Кеден одағының және/немесе Қазақстан Республикасының кедендің заңнамаларына сәйкес жеткілікті өңдеу критерийлеріне сай Қазақстанда жеткілікті өңделетін тауарлар.

 

Мемлекеттік сатып алуды өткізу ережелері бойынша СТ-KZ формасындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат болған жағдайда, жұмыстар мен қызметтердің әлеуетті жеткізушілеріне конкурстық бағаны шартты төмендету түрінде жеңілдіктер қарастырылған: «Жергілікті құрамның бар болуын қарастырған кезде, конкурстық комиссия жергілікті құрамның әр пайызы үшін конкурстық өтінімнің шартты бағасын оннан бір пайызға төмендетеді. Тауарлардың әлеуетті жеткізуші сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болатын болса, онда конкурстық комиссия жергілікті құрамның бар болғаны үшін мұндай әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің бағасын он пайызға шартты түрде төмендетеді».

 

Тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы №1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережесінде анықталған.