Национальный центр экспертизы и сертификации - Сынау
Сілтемемен бөліс

Сынау

Сынау – өнімді объективті және шынайы бағалау. «ҰССО» АҚ-ы филиалдарының заманауи жабдықтармен жабдықталған сынақтық зертханалары, өнімдердің, өтініш берілген аккредитация саласына сәйкес қауіпсіздігі мен сапасын сынайды.

 

  1. Бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар
  2. Машиналар, жабдықтар мен механизмдер
  3. Минералды өнімдер
  4. Қарулар және оқ-дәрілер
  5. Тамақ өнімдері
  6. Пластмассалар және олардан жасалатын бұйымдар
  7. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері
  8. Металлургия өнімдері
  9. Құрылыс материалдары
  10. Халық тұтынатын тауарлар
  11. Тыңайтқыштар
  12. Өндірістік мақсаттағы тауарлар
  13. Химиялық және отын өнімдері
  14. Электртехникалық өнімдер
  • асыл металдар мен олардың қорытпалары (алтын, күміс, сом платина, әшекейлер)  - (Алматы);
  • зергерлік бұйымдар (радиология) – (Алматы, Қызылорда, Өскемен).
  • автокөлік құралдары - (Атырау, Қостанай және Семейден басқа барлық филиалдар);
  • жүк көтергіш механизмдер мен құрылғылар (автокран, белдікті кран, шөміштер, грейдерлер, жүкшығырлар, автотиегіш) - (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар);
  • теміржол саласы (тежегіш құрылғылар мен оларды бөліктері, рельстік көтергіштер және т.с.с.)  - (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Павлодар);
  • мұнай кәсіптік жабдықтың бекітіп реттейтін сақтандырғыш арматурасы, арматура және құбыр қосылыстары (баллон редукторлар, кескіштер, қақпақшалар, жапқыштар) -  (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Орал);
  • кабель өнімдері – (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Павлодар, Талдықорған, Орал, Өскемен);
  • машина жасау өнеркәсібінің өнімдері - (Ақтөбе, Алматы,   Қарағанды, Павлодар, Орал);
  • металл кесетін және ағаш өңдейтін станоктар - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Павлодар);
  • ауыл шаруашылық техникасы (дақылдар жемістерін жинау және тазарту машиналары, пішен шабатын машиналар, дөңгелекті, шынжыр табан тракторлар және тіркемелер) - (Ақтөбе, Алматы,  Көкшетау, Павлодар).
  • ағынды су, ағынды судың тұнбалары, лай - (Павлодар, Семей, Талдықорған, Орал);
  • минералды шикізат және минералды шикізаттың өнімдері (тау жыныстары, марганец, кварц, алюминий, хром кендері, концентраттар, кокс) - (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Семей, Тараз, Орал);
  • қыртыс, топырақ - (Алматы, Қызылорда, Павлодар, Семей, Тараз, Орал);
  • көмір өнімдері - (Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз).
  • от қару (револьверлер, тапаншалар, тегіс оқпанды, иір ойықты мылтықтар, патрондар, пышақтар, қылыштар, семсерлер, гранаталар) -  (Алматы).
  • тамақ өнімдері - (Барлық филиалдар);
  • ауыл шаруашылық өнімдері - (Барлық филиалдар).
  • пластмасса құбырлар, полиэтилен құбырлар және т.б. - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен).
  • жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Өскемен).
  • металлургия өнеркәсібі (болаттан жасалған табақ прокаттар) - (Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Орал);
  • металл өнімдері (түрлі диаметрлі құбырлар, темірден жасалған жартылай фабрикат, бұрандамалар, сомындар, түйреуіштер, мойынтіректер) - (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал);
  • металдар және бейметалдар - (Алматы, Қарағанды, Павлодар, Орал);
  • металдар және қорытпалар, металургия бұйымдары - (Алматы, Қарағанды, Павлодар, Орал);
  • санитарлық-техникалық мақсаттағы өнімдер (ванналар, болат, эмальдалған жуғыштар және т.б.) - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен);
  • түрлі бейінді арматуралы прокаттар, алюминий, шойын, мыс, қола қорытпалар – (Алматы, Қарағанды, Павлодар, Орал);
  • резервуарлар, құбырлар, прокат (бұзбай бақылау) - (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Павлодар);
  • құбырлар, құбыр жүргізуге арналған өндірістік арматура, жапқыштар - (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Павлодар).
  • құрылыс және жол салуға арналған материалдар мен құрылымдар - (Барлық филиалдар).
  • ойыншықтар - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Өскемен);
  • жеңіл өнеркәсіп - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен);
  • парфюмериялық-косметикалық өнімдер мен тұрмыстық химия тауарлары - (Ақтөбе, Алматы,  Астана, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент);
  • ыдыс-аяқ, пленкалар, қағаз және басқалар - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен);
  • санитарлық-гигиеналық мақсаттағы құралдар - (Ақтөбе, Алматы, Астана,  Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Орал, Өскемен, Шымкент);
  • жеке қорғаныс құралдары - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент);
  • орауыш ыдыс (бөтелкелер, шыны банкалар, жәшіктер, ағаш, қағаз қораптар) және халық тұтынатын басқа да тауарлар - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау,  Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент).
  • тыңайтқыштар, астықты улағыштар - (Ақтөбе, Алматы, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен).
  • қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жылыту аппаратурасы (газбен жанатын жылыту пештері, су жылытатын аппараттар, қыздырғыш қазандар) - (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Орал);
  • тамақ өнеркәсібі, сауда және қоғамдық тамақтандыруға арналған технологиялық жабдықтар - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Орал).
  • мұнай өнімдері, отын және газ бен мұнай шикізаттары -  (Алматы, Астана, Атырау, Қызылорда, Тараз, Орал);
  • отынға қоспалар, қатпайтын сұйықтықтар, химиялық реактивтер - (Алматы, Астана, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Тараз, Орал);
  • шиналар - (Алматы, Астана, Орал).
  • конденсаторлар - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Павлодар);
  • күзет және өрттен қорғау жабдықтары (пульттер, панельдер, консольдер, таратқыш тақта және электр жабдықтарының негіздері) - (Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Орал);
  • радиотехникалық өнімдер (мониторлар, дыбыс жазатын, дыбысты жаңғыртатын құрылғылар, калькуляторлар, қуат көзінің блоктары және басқалар) - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Павлодар, Орал, Өскемен);
  • радиобайланыс құралдары, мәліметтерді жіберу және хабарлау радио жүйелері - (Ақтөбе,  Алматы, Астана, Павлодар, Орал, Өскемен);
  • электр энергиясы - (Алматы, Павлодар);
  • электртехникалық, электр тұрмыстық және электрондық бұйымдар - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Шымкент).

 

ГМА – генетикалық модификацияланған ағзалар (Астана)

 

Астанада жаңа құрылымдық бөлімше аккредитивтелінді, бұл - ПТР (полимераздыө тізбектік реакция)-зертханасы, онвғ негізгі мақсаты – тамақ өнімдеріндегі генетикалық модификацияланған көздерді анықтау. ПТР-зертханасы заманауи аспаптармен және Real-time PCR жабдығымен жабдықталған және сынамадан қысқа уақыт ішінде ГМА-дың белгілі түрлерін анықтауда көшбасшы болып саналады. Мамандардың осы аспаптармен жұмыс істеуге рұқсат беретін сертификаттары бар, олар сынақты сапалы және уақытында өткізуге кепілдік береді.

 

Өнімдерді өрт қауіпсіздігіне сынау

 

«Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Техникалық реттеу туралы» күші бар заңдарды, 2009 жылдың 16 қаңтарындағы №14 «Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары» ТР жүзеге асыру, сонымен қатар Қазақстан азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау, мемлекеттік мүліктерді, жеке және заңды тұлғалардың мүліктерін өрттен қорғау мақсаттарында «ҰССО» АҚ Стандарттау, метрология және сертификаттау департаменті базасында өрт қауіпсіздігі бойынша екінші сынақтық зертхана (Астана) ашылды. 2012 жылы Алматы филиалының сынақтық зертханасы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен құрылымдардың өрт қауіпсіздігін анықтау бойынша қызмет көрсетуге аккредитивтелінген еді. Көрсетілетін қызметтер сапасының кепілі – техникалық жабдықталуы, мамандардың жоғары біліктілігі мен зор практикалық тәжірибесі.

 

Өрт қауіпсіздігін сынау – бұйымдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық сыипаттамаларын анықтауға мүмкіндік беретін сынақтар кешені. Өрт қауіпсіздігін сынау тиіыті арнайы жабдықтармен жабдықталған аккредитивтелінген сынақтық зертханаларда өткізіледі.

 

Сынақтық зертханалардың мамандары жанғыштыққа, уыттылыққа, жынғыштық топтарын анқтауға, тұтанғыштыққа, түтіндеу қабілетіне, жалынның таралу индексін анықтауға, төсек орындары бұйымдарының, перделердің, жұмсақ жиһаздар элементтерінің тұтанғыштығына, сонымен қатар материалдар мен заттардың басқа да өрт қауіпсіздігі саласындағы сынақтарын жүргізеді.

 

Бұзбай бақылау зертханалары (Қарағанды)

 

Бұзбай бақылау – бұйымды бұзбай тексеру. Бұзбай бақылау әсіресе өмірге маңызды бұйымдарды, компоненттер мен құрылымдарды жасауда және қолдануда ерекше маңызды, және де шіру, тот басу, жарылу сияқты ақаулықтарды анықтауда өте қажетті.

 

Бұзбай бақылау зертханасы мынадай қызметтер көрсетеді:

 

  • металл өнімдері мен арқандардың, теміржолдарға арналған бұйымдардың, молимерлерден жасалған бұйымдардың, тау-шахта жабдықтарының құрамдас бөлшектерінің, жылыту құралдарының, ыдыстардың, резервуарлардың, цистерналардың, құбырлардың, металл құрылымдарының, табақ және қалыпты прокаттардың сертификаттық сынақтары;
  • металл өнімдерінің бүлінуінің себептерін және оларды әрі қарай қолдану мүмкіндігін зертханалық жолмен анықтау;
  • металл мен металл өнімдерін механикалық сынау;
  • қара металдарды металлографиккалық зерттеу;
  • металл мен дәнекерленген қосылыстарды бұзбай бақылау;
  • қара металдардың химиялық талдауы;
  • спектрлік талдау;
  • сұйық отын мен ыстық суды сақтауға арналған металл резервуарларды, ішкі қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, көтергіш крандар мен жабдықтарды әрі қарай қолдану мүмкіндігін анықтау.