Национальный центр экспертизы и сертификации - Метрология
Сілтемемен бөліс

Метрология

Адам тіршілігінің кез келген саласын өлшеулерсіз елестету мүмкін емес, ал өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ететін арнайы қызметсіз өлшеулердің бірлігі мүмкін емес. Қазақстанда өлшеулердің бірлігін мемлекеттік метрология қызметі және сонымен бірге заңдытұлғалардың метрологиялық қызметтері қамтамасыз етеді.

 

«ҰССО» АҚ-ның метрологиялық қызметі 1923 жылы құрылған және республикамыздағы тек алғашқы ғана емес, сонымен қатар ең ірі болып саналады. Ол еліміздің барлық аймақтарында орналасқан аккредитивтелінген 18 зертханадан тұрады және қарамағында 2 мың бірліктен аса жоғары дәлдікті эталондық жабдықтары мен 20 мыңнан астам бағыныңқы өлшеу құралдары мен өлшеу жарақтары бар.

 

Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметтер:

 

  • өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу және жөндеу;
  • өлшеу, сынақтық және аналитикалық зертханалардағы өлшеулердің жағдайын бағалау;
  • өлшеуді орындау әдістемелерін аттестаттау;
  • техникалық құжаттамалардың метрологиялық сараптамасы.

 

Тексерілетін өлшеу құралдарының номенклатурасы өлшеудің 17 түрінде берілген:

 

  • геометриялық шамаларды өлшеу;
  • массаны өлшеу;
  • күш пен қаттылықты өлшеу;
  • қысымды өлшеу;
  • вакуумды өлшеу;
  • қоғалыс параметрлерін өлшеу;
  • сұйықтықтар мен газдардың шығыны мен мөлшерін өлшеу;
  • тығыздық пен жабысқақтықты өлшеу;
  • физика-химиялық өлшеулер;
  • жылу физикалық және температуралық өлшеулер;
  • оптика-физикалық өлшеулер;
  • акустикалық өлшеулер;
  • электрлік шамаларды өлшеу;
  • магниттік шамаларды өлшеу;
  • уақыт пен жиілікті өлшеу;
  • радиотехникалық өлшеулер;
  • иондайтын сәулеленуді өлшеу

 

«ҰССО» АҚ-ның метрологиялық қызметінде 400-ден астам өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу және жөндеу жұмыстары бойынша практикалық тәжірибесі мол білікті мамандар еңбек етеді. 

 

Метрологиялық қызметтің негізгі міндеттері:

 

  • экономика салаларымен қатар, денсаулық сақтау, коммерциялық есеп және қоршаған ортаны қорғау салаларын метрологиялық қамтамасыз ету;
  • тексеру базасын жаңарту және әрі қарай дамыту;
  • тексерудәі жаңа түрлерін меңгеру арқылы аккредитация саласын кеңейту;
  • аспаптарды жөндеу базасын дамыту және жетілдіру.

 

Өлшеу құралдары мен сынақтық жабдықтарды жөндеу

 

Техниканы дамыту және жетілдіру, жаңа технологиялық үдерістерді енгізу, өнімдердің, қызметтердің және жұмыс өнімділігінің сапасын арттыру өлшеудің анағұрлым жетілген әдістерін енгізумен қатар, өлшеу аспаптары мен сынақтық жабдықтардың санының артуымен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде республикамыздың кәсіпорындары мен ұйымдарында ұстауы мен қолдануына техникалық куәландыру мен жөндеу бойынша арнайы қызметтерді талап ететін техникалық құралдардың үлкен паркі бар.

 

Өлшемдер мен өлшеу аспаптарын көп мәрте қалпына келтіру, өз қызметінде өлшеу аспатары мен сынақтық жабдықтарды белсенді пайдаланатын кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты болып табылады.

 

«ҰССО» АҚ-ның меншігіндегі өлшеу құралдары мен сынақтық жабдықтардың кең паркін жөнеду үшін филиалдардың жөндеу бөлімшелеріне қосымша ретінде «ҰССО» АҚ-ның орталық аппаратының жанынан 2009 жылдың қараша айында метрологиялық жөндеу қызметі ашылды.

 

Өлшеу құралдары мен сынақтық жабдықтардың техникалық қызметі саласындағы қызметтер

 

  • оптика-механикалық өлшеу құралдарын жөндеу (аспаптық және әмбебап өлшеу микроскоптары, байланыс өлшеу құралдары, бұрыштардыөлшеуге арналған аспаптар, бұдырлықты өлшеуге арналған аспаптар, оптикалық теодолиттер, нивелирлер және т.с.с.);
  • массаны өлшеуге арналған аспаптарды жөндеу;
  • электр кернеуін, электр тогын, электр кедергісін, электр қуатын өлшеуге арналған құралдарды жөндеу;
  • тамақ, құрылыс және өндірістік сынақтық зертханаларды жабдықтауға арналған сынақтық жабдықтарды жөндеу.