Национальный центр экспертизы и сертификации - САПА – БҰЛ ЖЕТІСТІК
Сілтемемен бөліс

Новости

САПА – БҰЛ ЖЕТІСТІК


Міне 25 жылдан артық уақыт бойы БҰҰ қолдауымен сапа жөніндегі Еуропа ұйымының бастамасы бойынша қараша айының екінші бейсенбісінде Бүкіләлемдік сапа күні (World Quality Day) атап өтіледі.


ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан бастап оның шеңберінде жыл сайын Еуропалық Сапа апталығы өткізіледі.


Биыл Бүкіләлемдік сапа күні 8-ші қарашада атап өтіледі. Еуропалық Сапа апталығы «Сапа – бұл жетістік» девизімен өтеді.


Бүкіләлемдік сапа күні өндірушілер мен делдалдар ұсынатын тауарлар мен қызметтердің сапасына жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған.


Жыл сайын Бүкіләлемдік сапа күні шеңберінде «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Соның бір дәлелі Қарағанды филиалының Жезқазған бөлімімен өткізілген дөңгелек үстел, онда біздің аймақтың тауар өндірушілері, жергілікті әкімшілік өкілдері, сертификаттау бойынша орган мамандары жиналды, оның мақсаты — өнімнің, қызметтің жоғары сапасының маңызын атап өту болды.


Сондай-ақ Бүкіләлемдік сапа күні қарсаңында дәстүрлі «Сапа көшбасшысы» конкурсының қорытындысы шығарылды. Осы жылы «Сапа көшбасшысы 2018» номинациясы бойынша статуэткаға ие болғандар «Сут Жагасы» ЖШС және Балқаш қаласынан «Nova Цинк» ЖШС. Президентіміз Е.С. Дюсембаевтың алғыс хатымен «Самға» ЖШС, ЖК Тулеуов С.Ж., сондай ақ филиал директоры Т.А. Шинтуриновтың алғыс хатымен ЖК Глушков С.Ю., ЖК Дәулетбаева Ф, «Рокада-А» ЖШС, «Балық шаруашылығының Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Балқаш филиалы, ЖК Разумов В.А. сияқты кәсіпорындар мадақталды.



Біз тағы да мерекемен құттықтай келе, өндірушілерімізге денсаулық, амандық және де сапалы және қауіпсіз өнім тілейміз.


Рымжан Ермаханова,

Жезқазған бөлімінің өнімнің және көрсетілетін

қызметтің сәйкестігін растау секторының

меңгерушісі