Национальный центр экспертизы и сертификации - ЭКСПО - мемлекеттің мерейі
Сілтемемен бөліс

Новости

ЭКСПО - мемлекеттің мерейі


ЭКСПО индустрияланудың символы. Жалпақ тілмен айтқанда техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын көрме. ЭКСПО көрмесінде әлемнің барлық мемлекеттері өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми мәдени жетістіктерін көрсетеді.


Елімізде өткізілген ЭКСПО-2017 көрмесінің басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы » деп аталады. Бұл тақырыпты ұсынуының себебі өз басым қолдаймын. Біріншіден энергия көздерін дамытуда, екіншіден тиімді энергияны қолдана білу және үнемдеу, үшіншіден әлем елдерінің энергияны үнемдеу, күн, желден баламалы энергия көздерін алуға көшкені жайында халыққа көрсету. Сол себепті жаһандық энергетикалық проблемалардың түйінің шешуге бағытталған көрме баламалы энергия көздері саласында адамзаттың үздік жетістіктерің айшықтарын айқындайтын алаңға айналатынына сенімім зор.


Астананың төрінде өткен Халықаралық ЭКСПОға өзімде куәгер болып, қызықтадым. Әр елдің павильиондарына кірдік. Ондағы көрнекі бұйымдар ерекше технологиялар паш етіліп жатыр. Бүкіләлемдік шараның қызығын тамашалауға бір күнің толық жетпейді. Әлемнің 115 ел мен 22 халықаралық ұйым өкілдері қатысып жатқан көрменің әр күні жаңалыққа толы-ұлттық павильиондар кезек-кезегімен есігін айқара ашуда. Яғни үш айға созылған көрмеде «Болашақтың энергиясы» тақырыбына сәйкес келетін жобаларын көпшілікке көрсетті. Ең бірінші қадамымды «Нұр әлем» еліміздің павильионынан бастадым. Толығырақ айта кетсем ұлттық павильионның өзі екі үлкен-үлкен бөліктен тұрады. Біріншісінде қазақтың салт-дәстүрі, жалпы тұрмыс-тіршілігі паш етілсе, екіншісінде энергия саласында көрсеткен. Ол жерде қазақстандық ғалымдардың баламалы энергетика жайлы ашқан жаңалықтары мен жобалары көрсетілген. 8 қабаттан тұратын кешенді аралаған адам Қазақ елі туралы толық мағұлмат алатынына кәміл сенемін. Әр елдің павильиондарын аралай келе түйгенім, біздің елдің павильионы сырт елдің павильионынан мын есе артық екеніне көзім жетті. Елдердің ішінде көрмеге қытай елі үлкен дайындықпен келіпті. Өздерінің павильиондарын «Болашақтың энергиясы. «Жасыл жібек жолы» деп атаған. Кешен 5 бөліктен тұрады. Күн мен судан энергия көздердің алудың оңтайлы әдістерін, су электр станциясының үлгісін, жарық пен суды үнемдеу жолдарын LED-экран, басқада құрылғылар арқылы көрсетті. Әр ел қонақтарды көрмеден тыс қысқа метражды фильмдерімен тамашалатты.


Айта кетерім, ЭКСПО-2017 көрмесі осы саладағы мамандар мен келуші қонақтарға, соның ішінде жастардың яғни біздердің инновациялық жобаларға қызығушылығын артыру мен қатар болашақ энергиясы оның баламалы көздері туралы жан-жақты мағұлмат алатынына сенімдімін.


«ЭКСПО» ғылыми жаңалық қана емес, ол-барлық елдер мен өркениеттерді жалғайтын «алтын көпір».


Жұлдыз Әшімова,

Жезқазған филиалынын ӨК және ЕҚ

оқыту стандарттау секторының 1 санатты маманы