Национальный центр экспертизы и сертификации - Сынама палатасы
Сілтемемен бөліс

Сынама палатасы

Сынама палатасының таңбасы – сапа кепілі. Зергерлік бұйымдардың, сонымен бірге асыл және жартылай асыл тастардың сараптамасы – Сынама палатасы қызметінің негізгі міндеті. Сараптамаға тапсырыс беру дегеніміз – зергерлік бұйымдардың және олардың құрамдас бөліктері – асыл, жартылай асыл тастар мен металдардың түпнұсқалылығы туралы барынша толық және жан-жақты ақпарат алуды білдіреді.

 

Қызметтер:

 

  • сараптық тұжырымдамасымен бірге гауһарлардың, меруерттердің, түсті асыл және өңдеуші тастардың диагностикасы;
  • мемлекеттік бақылау мақсатында асыл тастарды идентификациялау;
  • импорттық және отандық өндірістің бағалы металдары мен олардың қорытпаларынан жасалған зергерлік және тұрмыстық бұйымдарды сыннан өткізу және таңбалау;
  • бағалы металдардың техникалық сараптамасын жүргізу;
  • зергерлік бұйымдарды сынау;
  • реактивтер жасау;
  • бағалы металдарды, асыл және жартылай асыл тастарды және олардан жасалатын бұйымдарды шығару (әзірлеу) кезінде әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;
  • аналитикалық және сату мақсатында зертханалық жағдайда бағалы металдарды балқыту және тазарту;
  • бағалы металдардың сынықтары мен олардан жасалған бұйымдарды сатып алу және сату;
  • сынама таңбаларын әзірлеу және тану саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
  • бағалы металдар мен олардан жасалған бұйымдарды шығару және техникалық сараптау саласындағы өнімдерді, қызметтерді және сапа жүйелерін сертификаттау бойынша органдарды аккредитивтеуге қатысу;
  • бағалы металдар мен олардан жасалған бұйымдарды сараптау саласындағы нормативтік (әдістемелік, жетекшілік және ұсыныстық) құжаттармен қатар, әкелу, сату, бағалы металл сынықтарынан жасалған бұйымдарды сатып алу ережелерін, бұйымдарды сынама таңбасымен таңбалау тәртібін, өнімді жасау кезіндегі шығын нормаларын, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, өңдеу, сақтау, тіркеу және тапсыру тәртібін, атаулы таңбаны тіркеу және беру тәртібін әзірлеуге қатысу.

 

Геммологиялық зертхана

 

Аккредитивтелген геммологиялық зертхана тастарды аз уақыт ішінде физикалық және химиялық қасиеттері бойынша, сонымен қатар арнайы геммологиялық микроскоп арқылы көзбе-көз идентификациялауға мүмкіндік беретін ең жаңа геммологиялық жабдықтармен жабдықталған. Жоғары білікті мамандар мен сарапшы-аудиторлар асыл және жартылай асыл тастардың геммологиялық сараптамасын өткізуге дайын:

  • ауызша және кеңес беру түрінде;
  • зерттелетін объектінің суретінсіз, сапасы мен тазалығы көрсетілген ұзындық өлшемдерін, геометриялық параметрлерін, салмағы және идентификацясын растаумен қысқаша сараптық тұжырым беру арқылы;
  • зерттелетін объектінің суретімен, ұзындық өлшемдерін, геометриялық параметрлерін, салмағы және идентификацясын растаумен, сонымен бірге зерттелетін сынамаға пікірмен толық сараптық тұжырым беру арқылы.

 

Тарихы

 

«ҰССО» АҚ-ның «Сынама палатасы» филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі жанындағы Сынамалық қадағалау мемлекеттік инспекциясының негізінде бірнеше рет қайта құрылып 2000 жылы ашылды.

 

1998 жылдың 2 қарашасына дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Сынамалық қадағалау мемлекеттік инспекциясы.

 

1998 жылдың 2 қарашасынан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттарына қарасты «ГосАлкоЦентр» РМК-ның құрамында.

 

2000 жылдың 9 тамызынан бастап қазіргі кезге дейін – «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның құрамында, бағалы металдардан жасалған бұйымдарды сынау және Қаақстан Республикасы сынама таңбасымен таңбалаумен айналысады.