«Сайман корпорациясы» ЖШС шақыруымен «ҰлтССО» АҚ президенті   Д.С. Суентаев және Қарағанды және Алматы филиалдарының басшылары аталған кәсіпорында барып қайтты.
«Корпорация Сайман» ЖШС өлшеу құралдарын өндіретін отандық өндіруші. Зауыт 1992 жылы құрылып, қызметін электр энергиясы есептеуіштерін өндіруден бастады. Қазіргі таңда «Корпорация Сайман» ЖШС электр энергиясын есепке алу аспаптарын өндірудің толық циклі бар отандық аспап жасаудың жетекші кәсіпорны, бұдан басқа газ және су есептегіштерін өндіру игерілді.
Таныстыру барысында «ҰлтССО» АҚ өкілдері өндірістік цехтарға барып, аспаптарды жасау циклімен, технологиялық жабдықтармен танысты. Сондай-ақ, шығарылатын өлшеу құралдарына алғашқы салыстырып тексеру жүргізілетін метрологиялық қызметтің жұмысымен танысты.
Қорытынды кеңесте «Корпорация Сайман» ЖШС өндіретін өнімдеріне техникалық қызмет көрсету және сату бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Сайман корпорациясы» ЖШС бас директоры Ж.К.Акжанов кәсіпорынның қызметі, Алматы қаласында және басқа өңірлерде пайдаланылатын құралдарға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын Алматы қаласында орналасқан сервистік орталықтың болуы туралы және өнімді өңірлерде сату бойынша сауда агенттері айналысатының хабарлады.
«ҰлтССО» АҚ президенті Д.С. Суентаев кәсіпорын қызметінің бағыттары, техникалық мүмкіндіктері, ҚР барлық өңірлерінде филиалдардың болуы туралы ақпарат берді. Өндірілетін өлшем құралдарына техникалық қызмет көрсету мәселесін «ҰлтССО» АҚ бірлесіп қарастыруды, пилоттық жоба ретінде «ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалының негізінде «Корпорация Сайман» ЖШС сервистік орталығын ашуды ұсынды.
Кездесу қорытындысында Қарағанды қаласында сервистік орталық құру бойынша бірлескен жұмысты бастау, сондай-ақ «Сайман корпорациясы» ЖШС өнімдерін сатуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.

 

Ахмеров Рашид Мубаракович
«ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалының
сапа бойынша басшылық өкілі
тел.: 8 (7212) 94 00 70 (ішкі. 6227)
е-mail: kar_naceks@mail.ru