Национальный центр экспертизы и сертификации - Сертификаттау
Сілтемемен бөліс

Сертификаттау

Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің кепілі, бекітілген талаптарға сай екенін растайтын – сертификаттау, қауіпті өнімдердің нарыққа түсуіне тосқауыл жасайтын тиімді құрал болып табылады.

 

Өнімдер мен қызметтерді сертификаттау

  1. Бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар
  2. Машиналар, жабдықтар мен механизмдер
  3. Минералды өнімдер
  4. Қарулар және оқ-дәрілер
  5. Тамақ өнімдері
  6. Пластмассалар және олардан жасалатын бұйымдар
  7. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері
  8. Металлургия өнімдері
  9. Құрылыс материалдары
  10. Халық тұтынатын тауарлар
  11. Өндірістік мақсаттағы тауарлар
  12. Тыңайтқыштар
  13. Химиялық және отын өнімдері
  14. Электртехникалық өнімдер
  15. Қызметтер
  • асыл металдар мен олардың қорытпалары (алтын, күміс, сом платина, әшекейлер) - (Алматы, Астана);
  • зергерлік бұйымдар - (Алматы, Астана, Өскемен).
  • автокөлік құралдары - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Жезқазған, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент);
  • жүк көтергіш механизмдер мен құрылғылар (автокран, белдікті кран, шөміштер, грейдерлер, жүкшығырлар, автотиегіш) - (Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар,  Петропавл, Тараз);
  • теміржол саласы (тежегіш құрылғылар мен оларды бөліктері, рельстік көтергіштер және т.с.с.) - (Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Петропавл);
  • мұнай кәсіптік жабдықтың бекітіп реттейтін сақтандырғыш арматурасы, арматура және құбыр қосылыстары (баллон редукторлар, кескіштер, қақпақшалар, жапқыштар) - (Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Өскемен, Орал);
  • кабель өнімдері - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Семей, Талдықорған, Орал, Өскемен);
  • машина жасау өнеркәсібінің өнімдері - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен);
  • металл кесетін және ағаш өңдейтін станоктар - (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Орал);
  • ауыл шаруашылық техникасы (дақылдар жемістерін жинау және тазарту машиналары, пішен шабатын машиналар, дөңгелекті, шынжыр табан тракторлар және тіркемелер) - (Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Павлодар).
  • ағынды су, ағынды судың тұнбалары, лай - (Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Тараз, Шымкент);
  • минералды шикізат және минералды шикізаттың өнімдері (тау жыныстары, марганец, кварц, алюминий, хром кендері, концентраттар, кокс) - (Алматы, Тараз, Қарағанды, Павлодар);
  • қыртыс, топырақ - (Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Тараз, Өскемен, Шымкент);
  • көмір өнімдері - (Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Тараз).
  • от қару (револьверлер, тапаншалар, тегіс оқпанды, иір ойықты мылтықтар, патрондар, пышақтар, қылыштар, семсерлер, гранаталар) - (Орал);
  • тамақ өнімдері - (Барлық филиалдар);
  • ауыл шаруашылық өнімдері - (Барлық филиалдар).
  • пластмасса құбырлар, полиэтилен құбырлар және т.б. - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент).
  • жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Орал, Өскемен);
  • металлургия өнеркәсібі (болаттан жасалған табақ прокаттар) - (Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Тараз);
  • металл өнімдері (түрлі диаметрлі құбырлар, темірден жасалған жартылай фабрикат, бұрандамалар, сомындар, түйреуіштер, мойынтіректер) - (Ақтау, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал);
  • металдар және бейметалдар - (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Павлодар);
  • металдар және қорытпалар, металургия бұйымдары - (Алматы, Қарағанды, Павлодар);
  • санитарлық-техникалық мақсаттағы өнімдер (ванналар, болат, эмальдалған жуғыштар және т.б.) - (Алматы, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Шымкент);
  • түрлі бейінді арматуралы прокаттар, алюминий, шойын, мыс, қола қорытпалар – (Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Тараз);
  • резервуарлар, құбырлар, прокат (бұзбай бақылау) - (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Тараз, Орал);
  • құбырлар, құбыр жүргізуге арналған өндірістік арматура, жапқыштар және басқалар - (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен).
  • құрылыс және жол салуға арналған материалдар мен құрылымдар - (Барлық филиалдар).
  • ойыншықтар - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Өскемен);
  • жеңіл өнеркәсіп - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент);
  • парфюмериялық-косметикалық өнімдер мен тұрмыстық химия тауарлары - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент);
  • ыдыс-аяқ, пленкалар, қағаз және басқалар - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент);
  • санитарлық-гигиеналық мақсаттағы құралдар - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Орал, Өскемен, Шымкент);
  • жеке қорғаныс құралдары - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен);
  • орауыш ыдыс (бөтелкелер, шыны банкалар, жәшіктер, ағаш, қағаз қораптар) және халық тұтынатын басқа да тауарлар - (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Астана, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент).
  • қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жылыту аппаратурасы (газбен жанатын жылыту пештері, су жылытатын аппараттар, қыздырғыш қазандар) - (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Тараз);
  • тамақ өнеркәсібі, сауда және қоғамдық тамақтандыруға арналған жабдықтар - (Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Шымкент).
  • тыңайтқыштар, астықты улағыштар - (Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Талдықорған, Тараз, Өскемен).
  • мұнай өнімдері, отын және газ бен мұнай шикізаттары - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент);
  • отынға қоспалар, қатпайтын сұйықтықтар, химиялық реактивтер - (Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Тараз, Өскемен, Шымкент);
  • шиналар - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Орал, Шымкент).
  • конденсаторлар - (Ақтөбе, Алматы, Орал, Өскемен);
  • күзет және өрттен қорғау жабдықтары (пульттер, панельдер, консольдер, таратқыш тақта және электр жабдықтарының негіздері) - (Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен);
  • радиотехникалық өнімдер (мониторлар, дыбыс жазатын, дыбысты жаңғыртатын құрылғылар, калькуляторлар, қуат көзінің блогы және басқалар) - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен);
  • радиобайланыс құралдары, мәліметтерді жіберу және хабарлау радио жүйелері - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен);
  • электр энергиясы - (Алматы);
  • электртехникалық бұйымдар – (Ақтау Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Семей, Талдықорған, Орал, Өскемен, Шымкент);
  • электр тұрмыстық бұйымдар - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Семей, Талдықорған, Орал, Өскемен, Шымкент);
  • электрондық бұйымдар - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен).
  • жолаушыларды тасымалдау бойынша автокөліктер - (Алматы, Орал);
  • автокөліктерге жанармай құятын станциялар мен мұнай өнімдерінің базалары - (Көкшетаудан басқа, барлық филиалдар);
  • қонақүйлер - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Семей, Тараз, Орал, Өскемен);
  • қоғамдық тамақтандыру (асханалар, кафелер, мейрамханалар, барлар, клубтар) - (Барлық филиалдар);
  • автокөлік құралдарына техникалық қызмет пен жөндеу - (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент);
  • саяхат және экскурсия - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Семей, Тараз, Орал, Өскемен);
  • химиялық тазалау - (Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал).

Менеджмент жүйелерін сертификаттау

  • ҚР ИСО 9001, ISO 9001 СТ сәйкес сапа менеджментінің жүйелері;
  • ҚР ИСО 14001, ISO 14001 экологиялық менеджмент жүйелері;
  • ҚР ИСО 22000, ISO 22000 СТ сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджментінің жүйелері;
  • ҚР OHSAS 18001, OHSAS 18001 СТ сәйкес кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджментінің жүйелері;
  • ҚР 1352, SA 8000 СТ сәйкес әлеуметтік жауапкершілік менеджментінің жүйелері;
  • НАССР принциптерінің негізінде тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін басқару жүйелері;
  • ГОСТ 12.0.230, ҚР 12.0.003 СТ, ҚР 12.0.004 СТ, МОТ–СУОТ 2001/ILO-OSH 2001 сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйелері.

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау органы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның филиалы (әрі қарай - Филиал) риясыздық, біліктілік, ашақтық, құпиялық принциптеріне сәйкес менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау қызметін көрсетеді.

 

1.2. Филиал талаптардың, сонымен бірге осы шарттардың кез келген өзгерісі туралы өз клиенттеріне уақытында хабарлауға жауапты.


2. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау


Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау бойынша жұмыстар клиентпен келісімшартқа отыру негізінде іске асырылады және оның құрамына төмендегілер кіреді:

  • бастапқы аудит (сертификаттау);
  • бірінші және екінші жылдар барысында инспекциляқ бақылау;
  • қайта сертификаттаудың аудиті (қайта сертификаттау).

 

2.1. Бастапқы аудит


Бастапқы аудит екі кезеңнен тұрады.

 

2.1.1. Аудиттің бірінші кезеңі менеджмент жүйелері құжаттарының стандарттардың талаптарына сәйкестігін талдауды қамтиды. Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша клиентке оның екінші кезеңге дайын не дайын емес екендігі туралы тұжырымдама беріледі. Дұрыс болмаған жағдайда, клиентке менеджмент жүйесін түзетіп, Филиалға орындалған шаралар туралы ақпарат беруге кеңес ұсынылады.

 

2.1.2. Аудиттің екінші кезеңі менеджмент жүйесінің клиенттің менеджмент жүйесі стандарттары мен құжаттарында бекітілген талаптарға сәйкестігін бағалаудан тұрады. Екінші кезең клиенттің кеңсесі мен өндірістік алаңдарында өтеді. Екінші кезеңнің нәтижелері бойынша клиентке акт пен есеп беріледі. Егер менеджмент жүйесінің аудиті нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталса, клиент сәйкестендіретін түзету әрекеттерін әзірлеп, оларды Филиал келісіп шешуі тиіс.

2.1.3. Сәйкестік сертификатын беру шарттары

 

Клиентке Сәйкестік сертификаты (әрі қарай – Сертификат) төменде көрсетілген міндетті шарттарды орындағанда беріледі:

  • аудиттің бірінші және екінші кезеңдері жүргізіліп, сәйкестіктің барлық қажетті куәліктері бар болған жағдайда;
  • аудит барысында анықталған сәйкессіздіктер жойылып, клиент Филиалға олардың жойылуы туралы объективті дәлелдер келтірген жағдайда;
  • клиент Филиал алдында келісімшарттағы міндеттерін толығымен орындаған жағжайда;
  • аудиттің нәтижелерін Филиал басқармасы тексеріп бекіткен жағдайда.

 

Сертификат мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделіп, үш жыл мерзімге жарамды. Менеджмент жүйесінің сәйкестігі сертификатымен бірге, клиентке сертификаттау белгісін қолдану құқығы да беріледі.


2.1.4. Сертификатты және Сертификаттау белгісін қолдану


Клиенттің Сертификатты өзгертуге, модификациялауға, бүлдіруге немесе жоюға құқығы жоқ. Клиент инспекциялық бақылау келісімшартының ажырамас бөлігі болып табылатын Сертификаттау белгісін қолдану ережелерін сақтауы керек. Филиал бақылап, қажет болған жағдайда, сертификаттау мәртебесіне қате сілтеме жасалғанда немесе Сертификат, сертификаттау белгісі дұрыс пайдаланылмағанда шара қолданады.

2.2. Инспекциялық бақылау

Инспекциялық бақылау Сәйкестік сертификатының жарамдылық мерзімі барысында жылына бір реттен сирек емес аралықта жүргізіледі. Бірінші инспекциялық бақылау серификаттау адитінен кейін 12 айдан артық емес аралықта өткізіледі. Сертификатталған клиент кез келген уақытта Инспекциялық бақылау келісімшартын бұза алады, мұндай жағдайда оның сертификаты күшін жояды.


2.3. Қайта сертификаттау


Қайта сертификаттау Сертификаттың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейн жүргізіледі. Сертификаттың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын, клиент Филиалға өтінім береді.


2.4. Сертификаттау саласын кеңейту немесе қысқарту


Сертификаттау саласын кеңейту немесе қысқарту осы өзгерістің негіздемесі мен сертификаттаудың қалаулы жаңа саласы көрсетілген клиенттің ресми жолдамасының негізінде жүргізіледі. Сертификаттау саласын өзгерту мақсатындағы тексерісті кезекті инспекциялық бақылау, не болмаса қосымша аудит барысында да жүргізуге болады. Тексерістің оң нәтижелерінің негізінде сертификаттаудың саласына өзгерістер енгізілген жаңа Сертификат беріледі.


2.5 Сәйкестік сертификатының күшін тоқтату немесе күшін жою


2.5.1 Филиал төмендегі жағдайларда Сертификаттың күшін уақытша тоқтата алады:

  • менеджмент жүйесінің тиімділігі талаптары жүйелі түрде сақталмағаны байқалғанда;
  • клиент инспекциялық бақылауды жүргізуге кедергі жасағанда;
  • клиент менеджмент жүйесіндегі айтулы өзгерістер туралы Филиалға хабарламағанда;
  • менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды анықтайтын стандарттар өзгеріп, ал клиент жаңа талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етпегенде;
  • клиент Сертификактты және сертификаттау белгісін қолдану ережелерін сақтамағанда;
  • клиент өз еркімен Сертификат күшін тоқтату туралы сұрағанында;
  • клиенттің өз қызметін тоқтатқанда (бірлесу, бөліну, меншік нысанының өзгеруі және т.с.с.).


2.5.2. Сертификат күшін тоқтатқанда, клиенттің менеджмент жүйесін сертификаттау уақытша жарамсыз болып саналады да, клиент өз сертификациясын әрі қарай жарнамалауға құқылы болмайды.


2.5.3. Сертификат күшін жаңғырту тек оның күшін тоқтатуға мәжбүрлеген салдардың жойылғаны туралы тексерілген нақты деректердің негізінде ғана орындалады. Ұйымның өтініші бойынша күші тоқтатылған Сертификатты жаңғырту Сертификат күшін тоқтату мерзімі барысында клиенттің жазбаша жолданымы негізінде орындалады.


2.5.4. Филиал Сертификат күшін мына жағдайларда жоя алады:

  • клиент Филиалдың сертификаттау шарттарын орындамағанда;
  • клиенттің тұтынушыларынан жүйелі түрде түсетін объективті наразылықтар туралы ақпарат расталғанда;
  • клиент Сәйкестік сертификаты күшінің тоқтатылуына ікеліп соқтырған салдарды жоймағанда.

 

Сертификат күші тоқтатылған немесе жойылған жағдайда, Филиал клиентті жазбаша түрде қабылданған шешім және оның себептері туралы хабардар етіп, ақпаратты ҚР Техникалық реттеу және метрология өкілетті органына жібереді.


3. Қауіпсіздік


Клиент менеджмент жүйелерінің сәкестігін растау қызметіне қатысатын қызметкерлердің қауіпсіздігіне жауапты. Қажет болған жағдайда, клиент Филиал қызметкерлеріне қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар беруі және оларды қажетті жеке қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етуі керек.

1. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы талаптар барлық мүдделі тараптарға ашық және төмендегі тұлғалардан түскен наразылықтар және шағымдармен, қызметтерді тұтынушылардан түскен апелляциялармен жұмыс істеу тәртібін анықтайды:

  • қызметтерді тұтынушылармен қатар, басқа да мүдделі тараптар;
  • басқа да сертификатталған ұйымдар;
  • аккредитация органдары;
  • мемлекеттік басқару органдары, басқа да заңды және
  • жеке тұлғалар.

 

1.2. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау органы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның филиалының (әрі қарай – Филиал) қызметкерлері мен қатыстырылатын қызметкерлер нормативтік құжаттардың талаптарына сай қызмет көрсетеді, сонымен бірге пайда болуы мүмкін наразылықтардың, апелляциялардың және шағымдардың алдын алуға бағытталған әрекеттер жасайды (пайда болуы мүмкін наразылықтардың, апелляциялардың және шағымдардың себептерін анықтап, оларды жою).

 

2. Наразылықтарды, апелляцияларды және шағымдарды қабылдау, тіркеу

 

2.1. Наразылықтардың, апелляциялардың және шағымдардың түсуі мүмкін жолдары: қағаз және электронды тасымалдағыштардағы кіріс корреспонденция, бұқаралық ақпарат құралдары, мүдделі тараптардың өтінішімен қатар, ішкі шағымдар, ауызша жолдамалар, телефон қоңыраулары.

 

2.2. Наразылықтар, апелляциялар және шағымдар түскен жағдайда, олар түскен күні тұтынушылардың наразылықтарын, апелляцияларын және шағымдарын тіркеу журналында тіркеледі. Филиал наразылықтардың, апелляциялардың және шағымдардың түскенін растайды да, әрі қарай наразылық, апелляция және шағым берушіге жұмыс барысы мен жеткен нәтижелер туралы хабар береді.

 

3. Наразылықтар мен шағымдарды қарастыру

 

3.1. Наразылық немесе шағым алғаннан кейін, Филиал осы наразылық немесе шағымның өзі жауапты сертификаттау әрекеттеріне қатысын анықтап, егер жұмысына қатысы анықталса, онымен айналыса бастайды. Егер наразылық немесе шағым сертификатталған клиентке қатысты болса, наразылықты немесе шағымды қарастыру барысында оның сертификатталған менеджмент жүйесінің нәтижелілігі қарастырылуы тиіс.

 

3.2. Сертификатталған клиентке қатысты филиалға түскен кез келген наразылық немесе шағым бойынша сол сертификатталған клиенттке сұрау жіберіледі.Тіркелген наразылық немесе шағымды бөлімше жетекшісі мына мақсаттарда талдайды:

  • наразылық немесе шағымның себебі шынымен Филиал (Филиал бөлімшесі) жұмысының кемшілігіде ме екенін анықтау;
  • наразылық немесе шағымның пайда болу себебін анықтау;
  • қажетті түзету және алдын алу әрекеттерін әзірлеу.

 

3.3. Талдау тиісті жұмыс немесе қызметке қойылатын талаптарды анықтайтын нормативті құжаттар негізінде жүргізіледі. Шешім қабылдау өлшемі Филиалдың тиісті жұмысына, қызметіне немесе құжатына қойылатын талаптарға қатысты наразылықтың немесе шағымның құқықтылығы болып табылады.

 

3.4. Наразылық немесе шағым берушіге хабарланатын шешімді наразылық немесе шағымға қатысы жоқ тұлға(-лар) қабылдайды (немесе қарастырып бекітеді.). Наразылық немесе шағым дәлелденгенінде, түзету және алдын алу әрекеттері әзірленіп орындалады, мерзімі мен орындаушылары тағайындалады. Наразылық пен шағымды тексеру және жою нәтижелері міндетті түрде осы наразылық немесе шағымның қызметіне қатысы бар Басқару Кеңесіне, орындаушы бөлімшеге хабарланады.

 

3.5. Наразылық немесе шағымды талдау және өңдеу нәтижелері жазбаша түрде осы наразылықты немесе шағымды түсірген ұйымға жіберіледі. Наразылық немесе шағым дәлелсіз болғанында, наразылық немесе шағымда көрсетілген жағдайға қатысты Филиал әрекетінің дұрыс екендігінің дәлелдері берілген ресми жауап дайындалады. Жауапта қойылған талаптарына сәйкес орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің нормативтік құжаттарына сілтеме жасалуы керек.

 

3.6. Наразылық немесе шағым бойынша жасалған әрекеттердің нәтижелері Басқару Кеңесіне хабарланады.

 

3.7. Филиал наразылық немесе шағым берушімен бірігіп, наразылық немесе шағымның мәнін және ол бойынша қабылданған шешімді жариялау керектігін, егер жариялау керек болса, ол туралы қандай дәрежеде жариялау керектігін анықтайды.

 

4. Апелляцияларды қарастыру

 

4.1. Түскен апелляцияны басқару жұмысын Филиалдың басқарушы директоры осы апелляцияға қатысты сәйкестікті растау және сертификаттау туралы шешім қабылдау жұмыстарына қатыспаған тұлғаға (тұлғаларға) тапсырады. Осы тұлға апелляцияның мәні бойынша құжаттарды жинау және дайындау, оларды алдын ала талдау жұмыстарына жауапты.

 

4.2. Апелляцияның алдын ала талдауы апелляцияның дәлелділігін анықтау, апелляцияның пайда болу себептерін анықтау және түскен апелляцияға қатысты қажетті шараларды анықтау мақсатында берілген апелляцияның қатысы бар құзіретті бөлімше жетекшісімен бірлесе жүргізіледі. Осы арқылы апелляция берушінің ұсынған шараларын ескере отырып, апеляцияны қанағаттандыруға болатындығы анықталады. Апелляцияның талдауы тиісті жұмысқа, қызметке немесе құжатқа қойылатын талаптарды анықтайтын нормативті құжаттардың негізінде жүргізіледі.

 

4.3. Филиалдың көрінеу дұрыс әрекетіне және қызметінің нәтижелеріне берілетін болғандықтан, апелляция құқысыз сипатта бола алады. Апелляция негізді болған жағдайда, жауапты тұлға қажетті әрекеттер жоспарын әзірлейді, нақты мерзім мен тиісті әрекеттерді орындауға жауапты Филиал бөлімшесін тағайындайды.

 

4.4. Барлық апелляциялар бойынша талдау нәтижелері мен әзірленген әрекеттер сәйкестікті растайтын органның апелляциялық комиссиясына мақұлдау мен соңғы шешімді қабылдау үшін жіберіледі.

 

4.5. Сәйкестікті растайтын органның апелляциялық комиссиясының қабылдаған шешімі, сонымен қатар Филиалдың апелляцияны талдау және өңдеу нәтижелері жазбаша түрде апелляцияның берушіге жіберіледі.

 

4.6. Егер өтініш беруші апелляцияны қарастыру нәтижелеріне қанағаттанбаса, ол аккредитация бойынша құзіретті органның апелляциялық комиссиясына Филиал әрекетіне апелляция беруге құқылы.

 

4.7. Апелляцияның негізі болмаған жағдайда, жаупты тұлға өтініш берушіге апелляция берілген іске қатысты Филиал әрекеті дұрыстығының дәлелдері көрсетілген ресми жауап дайындайды. Жауапта қойылған талаптарына сәйкес сәйкестікті растау туралы қабылданған шешімнің нормативтік құжаттарына сілтеме жасалуы керек.

 

5. Жауапты дайындау

 

Наразылықтарға, апелляцияларға және шағымдарға берілетін барлық жауаптар Филиалдың фирмалық бланкінде рәсімделеді. Тиісті орындаушылардың, сонымен бірге орындауға қатысқан бөлімше бастықтарының, мамандардың визалары қойылған наразылыққа, апелляцияға және шағымға берілген жауаптың екінші данасы және Филиалдың істердің бекітілген номенклатурасына сәйкес осы құжат бойынша барлық хаттар іске тіркеледі.

 

Кедендің одақ

 

«ҰССО» АҚ өз қызметін Біріңғай форма бойынша рәсімделіп берілген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы тіркелген декларациялар Бірыңғай реестрін қалыптастыру және жүргізу тәртібі жөніндегі Ереженің талаптарына сай жүргізе отырып, Кедендік одақтың Біріңғай реестріне кіреді. Сәйкестікті растау бойынша орган міндетті және ерікті салаларда Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес сертификаттау бойынша қызметтер көрсетуге дайын:

  

  • ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы»;
  • ТР ТС 005/2011 «Ораманың қауіпсіздігі туралы»;
  • ТР ТС 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердың қауіпсіздігі туралы»;
  • ТР ТС 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы»;
  • ТР ТС 009/2011 «Парфюмериялық-кометикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы»;
  • ТР ТС 010/2011 «машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы»;
  • ТР ТС 013/2011 «Автомобиль және авиациялық жанармайға, дизель және кеме жанармайына, реактивті қозғалтқыштардың жанармайы мен мазутқа қойылатын талаптар туралы»;
  • ТР ТС 015/2011 «Астықтың қауіпсіздігі туралы»;
  • ТР ТС 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
  • ТР ТС 019/2011 «Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы» - мағлұмдау;
  • ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігі» ;
  • ТР ТС 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
  • ТР ТС 022/2011 «Тамақ өнімдерін таңбалау»;
  • ТР ТС 023/2011 «Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өнімдерінің техникалық регламенті»;
  • ТР ТС 024/2011 «Май өнімдерінің техникалық регламенті»;
  • ТР ТС 027/2011 «Арнайы тамақ өнімдерінің жеке түрлерінің, сонымен қатар диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтардың қауіпсіздігі туралы»;
  • ТР ТС 029/2011 «Тамаққа қоспалардың, дәмдеуіштердің және технологиялық көмекші құралдардың қауіпсіздігі туралы».

 

Кедендік одақтың техникалық регламенттерін іске қосқан сайын «ҰССО» АҚ-ы сәйкестікті растау органының аккредитация саласының ауқымы кеңейе береді.