Национальный центр экспертизы и сертификации - Стандарттау
отключение сигнализации томагавк
Сілтемемен бөліс

Стандарттау

Стандарттаусыз өркениет жоқ. Стандарттаудың дамуының барлық тарихынан көретініміздей, өндірістің, ғылымның, техника мен технологиялардың жетістіктерінің нәтижелерін заңдастыруға және нысандандыруға мүмкіндік беретіндіктен стандарттау объективті қажеттілік болып табылады. Біз бұл салада әр адамға көмектесуге дайынбыз.

 

Тауарлар өндіруде және халыққа қызмет көрсеткенде, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін ақпараттың жедел көзі – әр филиалда бар стандарттар мәліметтерінің автоматты базасы, ал «Параграф» ақпараттық жүйесі құқықтық аяда керегін табыуға көмектеседі

 

Стандарттау саласындағы қызметтер:

 

  • стандарттарды актуалдандыру;
  • стандарттау, сетрология және сертификаттау  (сәйкестікті растау) бойынша жұмыстарды ақпараттық қолдау;
  • техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың, бастапқы ұлттық стандарттар мен ұйымдардың стандарртарының жобаларын әзірлеу кезінде тәжірибелік және әдістемелік көмек;
  • стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жобаларына пікірлер дайындау;
  • Қазақстан Республикасы ұйымдары стандарттарының жобаларын бекіту алдында тексеру;
  • өнімдердің каталогтық парақтарын (ӨКП) жасау немесе тексеру;
  • өнімдерді таңбалауды өткізу немесе тексеру;
  • мәтіндер мен стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын аудару;
  • кәсіпорындарды аймақтық және республикалық конкурстарға қатысуға – «Қазақстанның ең үздік тауары» көрмесі және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін дайындау;
  • кәсіпорындарды «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі (Орал қаласы) бойынша сайысқа қатысуларына дайындау;
  • өнім сапасын сараптық бағалау (Алматы);
  • қауіпсіздік паспорттарын әзірлеу және сараптау (Алматы);
  • өлшеулерді орындаудың әдістемелерін метрологиялық аттестаттауға арналған құжаттарды сараптау (Алматы қаласы);
  • өнертабыстарға, өндірістік сынамаларға, пайдалы модельдерге, тауарлық белгілерге қорғау құжаттамаларын алуға құжаттарды даярлау бойынша жұмыстар (Орал қаласы);
  • кәсіпорындардың өтінімі бойынша семинарларды, дөңгелек үстелдерді, шығармашылық кештерді өткізу бойынша техникалық қызметтер көрсету (Қостанай);
  • кәсіпорындардың өтінімі бойынша түптеу-брошюралау жұмыстарын жүргізу, құжаттардың көшірмелерін, буклеттерді, брошюраларды, жазба белгілерді (нақтырағында, өздігінен жабысатын), кафе мен мейрамханалардың ас мәзірлерін, ашық хаттарды, грамоталар мен мерейтойлық ашық хаттарды және басқа да полиграфиялық өнімдерді жасау (Астана, Қостанай, Орал).

 

Стандарттарды актуалдандыру

 

Актуалдандыру – өтініш берушіге олардың әрекеттері, құжаттардың әрекеттерін шектеу, ауыстыру немесе күшін жоюы, өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы хабарлау арқылы стандарттарды жұмыстық күйінде сақтау үдерісі. Міндетті актуаландыру жылына 1 рет Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың сілтемелеріне сәйкес жүргізіледі. Стандарттау бойынша актуалдандырылмаған нормативтік құжаттар кәсіпорынның жұмысына жіберілмейді.

 

«ҰССО» АҚ-ның әр филиалында мамандарға көмек ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлығына арналған қағаз түріндегі және электронды тасымалдағыштардағы 30 мыңнан астам құжаттары бар анықтамалық-ақпараттық қор берілген.

 

Анықтамалық-ақпараттық қорларда төмендегідей өзекті нұсқалар бар:

  • Қазақстан Респбуликасының ұлттыө стандарттары – ҚР СТ;
  • аймақтық (мемлекет аралық) стандарттар - ГОСТ;
  • Қазақстан Республикасының ережелері мен ұсыныстары – ҚР Е және ҚР Ұ;
  • Халықаралық стандарттар – ИСО, МЭК;
  • Ресей Федерациясының ұлттық стандарттары - ГОСТ Р, Беларусь Республикасының ұлттық стандарттары - СТБ;
  • әдістемелік нұсқаулар - ӘН;
  • метрология бойынша нормативтік құжаттар;
  • Кедендік одақтың құжаттары және басқалар.