Национальный центр экспертизы и сертификации - Автокөліктің техникалық байқауы
Сілтемемен бөліс

Автокөліктің техникалық байқауы

Автокөліктің техникалық күйі – оның қауіпсіз қолданудың маңызды құрамдас бөлігі. Жолда болатын қайғылы оқиғалардың көбі автокөліктің ақаулығынан болады, бірақ техникалық күйін тексеріп, техникалық байқаудан өткенде, көптеген күтпеген жағдайлардың алдын алуға болады

 

Техникалық байқау – автокөлік құралдарының техникалық күйін, сонымен қатар олардың бөліктерін, қосымша жабдықтарының бұйымдарын, автокөлік құралдарын:

 

  • жеңіл автокөліктерді,
  • автобустарды,
  • жүк автокөліктерін,
  • тіркемелерді

 

жол қозғалысына қатыстыру мақсатында, көлік құралдары қауіпсіздігінің міндетті талаптарына сәйкестігін тексеру.

 

Техникалық байқаудан өтуге қажетті құжаттар тізімі:

 

  • көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексімен бекітілген тәртіпте ағымдағы күнтізбелік жылға көлік құралына салықтың төленгенін немесе одан босталығанын (жеке тұлғаларға) растайтын құжаттар.

 

Техникалық байқау кезінде төмендегі параметрлер тексеріледі:

 

  • тежегішті басқару;
  • рульмен басқару;
  • әйнектерінен жан-жағын шолу;
  • сыртқы жарық құралдары;
  • дөңгелектер, шиналар, аспалар;
  • пайдаланылған газдың құрамындағы зиянды заттардың мөлшері;
  • тораптарытардың бекіткіштері мен шасси агрегаттарының күйі мен қызметі;
  • басқа жабдықтардың (қауіпсіздік белдіктері, спидометр, дәріқұты, өрт сөндіргіш және т.с.с.).

 

Егер автокөліктің шығарылғанына 7 жылдан астам уақыт болса, техникалық байқау жыл сайын жүргізіледі. Шығарылғанына 3 жылдан 7 жылға дейін уақыт болған автокөліктер техникалық байқаудан кемінде екі жылда 1 рет өтеді. Шығарылғанына 3 жылға дейінгі автокөліктер техникалық байқаудан әр 36 ай жиілігімен өтеді. Қоғамдық көліктер (автобустар, микроавтобустар, таксилер) меншік нысаны мен шығарылған жылына қарамастан, техникалық байқаудан жылына 2 рет өтеді.  

 

Қазіргі күні автокөліктің тіркелген жерінен ғана техникалық байқаудан өту міндетті емес, енді «ҰССО» АҚ-ның аймақтық бөлімдерінен өтуге болады. Егер автокөліктің күйі дұрыс болса, онда оның иесі техникалық байқау туралы куәлікті ешқандай кедергісіз ала алады.