Қазіргі уақытта автокөлік құралдарының міндетті техникалық байқау Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің міндетінен жеке кәсіпкерліктің бәсекелі ортасына тапсырылғаны белгілі. Бұл жағдайда, техникалық байқау жүргізуді бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация Министрлігіне жүктелген.

Кәсіпкерлік қызметтің мұндай түрін ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарымен мұндай қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер қатары әзірленді.

Қазіргі уақытта біздің облыста, соның ішінде облыс аудандарында техникалық байқау 15-ке жуық орталығы қызмет етеді (Бірыңғай ақпараттық міндетті техникалық байқау жүйесінің ақпаратына сәйкес). Бірыңғай ақпараттық міндетті техникалық байқау жүйесі сайтында («Техосмотр» БАЖ http://eisto.kz) автокөлікті міндетті техникалық байқаудан өткенін тексеруге болады, міндетті техникалық байқаудан өткен орнын қарауға болады, техбайқаудан өтудің нормативтік-құқықтық базасымен танысуға болады.

Міндетті техникалық байқаудан өту үшін не талап етіледі? Ол үшін қажет:

  • Автокөлік құралы;
  • Көлік құралын тіркеу туралы куәлігі (техникалық төлқұжат).

Техникалық байқаудан өту кезінде «сақтандыруды» ұсыну қажеттілігі – алынып тасталды. Техникалық байқау орталықтарында автокөлік иелерінен бұл құжат талап етілмеуі үшін, кейбір заңнама актілеріне өзгерістер енгізілген.

Осыған байланысты, сапасыз жүргізілген техникалық байқауға сыйақы алу үшін кейбір техникалық байқау орталықтарды түрлі айла-әрекетке баратындықтан, Үкіметпен техникалық байқаудан жүргізу ережелеріне тағы бір өзгеріс енгізілген. Машинаның шын мәнінде қараудан өткенінің дәлелі тек автокөліктің суреті ғана емес, сонымен бірге тексерудің барлық тәртібінің бейнежазбасы болып табылады.

Объективтік техникалық қарауды Ақтөбе қаласы, Өнеркәсіп аймағы 483А (Пожарский көшесі, «Пилон» көлік жуу ауданы) мекенжайы бойынша «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Актөбе филиалының жаңа техникалық байқау орталығында өтуге болады. Біздің ТҚО ең жаңа жабдықтардың және жоғары білікті мамандардың көмегімен автокөлік құралдарының барлық түрлеріне қарау жүргізеді.


Назарбек Мажидуллин,
Екінші санатты маман