Соңғы кезде Армениядан келген, оң рульді солға айырбастаған машина иелері жүйкелерін аз жұқартқан жоқ. Соларға көмек беруге Қостанай филиалының жігіттері бірінші болып қол созды. Қазақстанда бірінші болып Армения Республиқасыңда тіркелген көліктер біздің жолмен жүйіткуіне рұқсат беріп хаттамалар толтырған біздің аккредиттелген техникалық қызмет көрсету орталығы болды.

Өз істерін жақсы білетін біздің мамандар барлық процедураны нұсқаулықтарға сәйкес жүргізуде. Ақтөбе, Атырау, Орал секілді Республиканың әр түкпірінен келген машиналарды суретке, видеоға түсіруден бастап техникалық тексерудің қорытындылары хаттамаланып, сақталады. 1-қыркүйекке дейін тіркеуден өту керек деген кезде біздің мамандар Оразалин Марат, Гализдра Евгений, Смагулов Азат уақыт пен күштерін аямай еңбек етті. Тіркеу уақытын кейінге қалдырып Армениядан әкелінген машина иелері  тағы да жайбасарлық танытуда. Рульді оң жақтан сол жаққа қайта орнату  айтуға оңай болғанымен оның жауапкершілігін түсіне білу керек. Сәл ғана қателіктерден жол апаттары болып, қанша адамның тағдыры бұзылды. Қаза болғандар мен мүгедектікке ұшырығандар статистикасы көңіл шошытады.

Міне, осындай жағдайларды болдырмау үшін Қостанай филиалы техникалық қызмет көрсету мамандары біліктіліктерін көрсетуде.

Суретте: Мамандар кезекті машинаны тексеруде.

М.Сибанбаев,
Қостанай филиалының
жетекші маманы