«ҰлтССО» АҚ Қызылорда филиалы, техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлері, «КазСтИн» РМК Қызылорда филиалымен бірлесіп, 2018 жылдың 27 қыркүйегінде “Orda Glass” ЖШС Қызылорда шыны зауытыда техникалық реттеу және метрология саласы бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аралады.

Қытайлық «Чайна Триумф» компаниясы күн батареялары,смартфондар мен планшеттер (қуаттылығы күніне 250 тонна ультра мөлдір шыны өндіретін зауыт) үшін пайдаланатын өте жұқа әрі ультра мөлдір шыны өндіру үшін жоғары технологиялық зауыт құрылысын салуда. Өнімдердің негізгі артықшылықтарды қалыңдығы 0,15мм тегіс және оптикалық бұрмалануы төмен шыны болып табылады. Шыны өндіру барысында пайдаланатын құрал-жабдықтар американдық және еуропалық өндірушілерден әкелінген.

Шыны зауытын аралау барысында техникалық реттеу,метрология және т.б нормативтік құжаттардың талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.


Маржан Каримсакова,
«ҰлтССО» АҚ Қызылорда филиалының
стандарттау және тауардың шығутегін сараптау
секторының жетекші маманы