Национальный центр экспертизы и сертификации - Жана техникалық байқау
Поделись ссылкой

Информирован - Вооружён!

Жана техникалық байқау


Қазiргi уақытта автокөлiктің міндетті техникалық байқауы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң мiндеттерi жеке кәсіпкерлердің нақты ортасына берiлгенi белгілі жайт. Техникалық байқаудың сапалы жүргiзілуін бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгіне жүктелген.


Мұндай жаңа кәсiпкерлiк қызмет түрін ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен қатар Қазақстан Республикасы уәкiл мемлекеттiк органдармен нормативтi құқықтық актілер өңделген.


Қазіргі уақытта біздің облыста, сонымен қатар облыстық райондарда 22-ке жуық техникалық байқау орталықтары жұмыс істейді. Міндетті теxникалық байқау өткендігі туралы нормативті құқықтық негізбен, теxникалық байқау өткен орындарымен танысу, автокөліктің теxникалық байқау өткендігін бірыңғай ақпарат жүйесінде (ЕИС «Теxосмотр» http:/eisto.kz) тексеруге болады.


    Міндетті теxникалық байқау өту үшін не талап етіледі? Ол үшін қажет:

  • тексерілетін автокөлік;
  • көліктің тіркеу туралы куәлігі (теxникалық паспорт).

Теxникалық байқау өту кезінде сақтандыру құжатын беру қажеттілігі жойылды. Автокөлік иелерінен теxникалық байқау өту орталықтарында бұл құжатты талап етпеуі үшін кейбір заңды актілерге өзгерістер еңгізілді. Кейбір теxникалық байқау өткізу орталықтарында сапасыз көрсетілген қызметке марапаттау алу үшін қулыққа баратын болғандықтан Үкімет теxникалық байқау өткізу ережелеріне тағы бір өзгерту еңгізді. Көліктің расында теxникалық байқау өткендігіне дәлел ретінде фото және теxникалық байқау өту рәсімінің бейнебаян болуы қажет.


Объективті теxникалық байқау Ақтөбе қ-сы, Промзона 483А мекен жайы бойынша орналасқан, АҚ «НаЦЭкС» Ақтөбе филиалындағы жаңа теxникалық байқау орталығында өтуге болады. Теxникалық байқау жоғары білікті мамандармен заманауи құрал жабдықтармен барлық автокөліктер түріне жүргізіледі.


Әдилбек Сәғиев,

автокөлік түрлерінің техникалық

байқау орталығынын жетекші маман