Национальный центр экспертизы и сертификации - Мейрамдарыңызбен әйелдер қауымы!
Поделись ссылкой

Новости

Мейрамдарыңызбен әйелдер қауымы!


Тарихымызға көз жүгіртсек те, бүгінгі күннің биігінен көз тастасақ та біздің ақ жаулықты әжелеріміз бен ардақты аналарымыз, жауқазындай жайнаған қыздарымыз да небір қиыншылықтарды бастарынан өткізіп, адам таңғаларлықтай, тек қана өздеріне тән шыдамдылықпен, өжеттіліктерімен көзге түсіп, абыроймен жеңіске жетіп отырды.


Жер бетіндегі бар тіршілік нәр алып, бастау алатын, табиғат оянып, көңілге қуаныш ұялататын көктемнің тұңғыш мерекесі, құрметті аналар, апа-қарындастар - мына сіздерге арналған. Үйде ана, түзде батырлыққа тәрбиеленіп, жаугершілікте ерлермен бірге атқа қонып, бейбіт кезде бесік тербеткен аналарымыз аман болсын. Ел тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болуда әйел қауымының қосқан үлестері орасан зор.


«Әйелдер жүрген жерде әрдайым адалдық, объективтілік пен алға ұмтылу бар», - деп Елбасымыз айтқандай қазіргі кезде де өзінің өнегелі ісімен лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, мемлекетіміздің өміріне белсене араласып, қай салада болмасын үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің атын әлемге әйгілеп жүрген апа-қарындастарымыз аз емес.


«Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жай-күйі жақсармай – бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміздің еңсесі толық көтерілмейді», деген Елбасымыздың қанатты сөздері әрқайсымыздың жүрегіміз бен санамызға болашаққа деген сенім ұялатады.


Құрметті Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының әйелдер ұжымы


Осы бүгінгі сәтті пайдаланып, Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!


Әрқайсыларыңыздың жеке бастарыңызға да, отбасыларыңызға да бақыт құсы ұясын салып, баянды ғұмыр сыйласын. Сіздердің сұлу бейнелеріңіз бен әсем күлкілеріңіз біздің өмірімізді көріктендіріп, қуаныш сыйлай берсін. Сіздер жүрген ортада әрқашан амандық, береке-бірлік, өзара сыйластық пен шынайы сүйіспеншілік салтанат құрсын!


Көктем айының шуақты күндері жанұяларыңызға құт-береке, нәзік сезім, шуақты көңіл-күй, тәндеріңізге саулық, жандарыңызға рахат сыйласын. Игілік жолында істеріңізге мол табыс, барлық бастамалар сәттілік, еңбектеріңіз жана берсін. Мейрамдарыңыз құтты болсын, құрметті аналар!


Жұлдыз Әшімова,

«ҰлтССО» АҚ Жезқазған филиалы

стандарттау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау

бойынша оқыту секторынның жетекші маманы