Национальный центр экспертизы и сертификации - Жетім көрсең жебей жүр
Поделись ссылкой

Новости

Жетім көрсең жебей жүр


Иә, біз қазақ халқы қандай едік? Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған елміз. Ана сүтін ардақтап, ата салтын салмақтап өскен елміз. Осынау наурыз мейрамы қарсаңында Жезқазаған филиалы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Жезқазған қаласындағы «Үміт» балалар үйінің өскелең тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік шараның мақсаты балапандар наурыз мерекесін сезіну, бір бір-бірімен жақын бауырмалдыққа, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауына, жабырқаған көңілдерін көтеру. Іс-шараны ұйымдастырған «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Ақ ЖФ басшысы Шинтуринов Талғат Асқарұлы сөз алып, өзінің ізгі тілегімен бастады. Әрі қарай ән шырқалып, би биленіп, түрлі жарыстар мен ойындар ойнатылды. Бөлім қызметкерлері де мерекенің қызықты өтуіне жаппай ат салысып, балалардың көңіл күйін көтерді. Мереке соңы балаларға арнап мол дастархан жайылып, көңілді отырысқа ұласты. Шара соңы сыйлықтар таратылып, көңілді әнмен аяқталды.



Еліміздегі барлық балалар үйінің саны азайып, әр бала биік белестерден көрінсе, біз үшін одан артық қуаныш жоқ. Осынау Ұлыстын күні әрбір балаларымыздың көңіліне қуаныш, ырыс, бақыт әкелсін.



Жұлдыз Әшімова,

ЖФ «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ЖФ

жетекші маманы