Национальный центр экспертизы и сертификации - Бүгін бүкіләлемдік метрология күні
Поделись ссылкой

Новости

Бүгін бүкіләлемдік метрология күні


2018 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Ұлттық сараптау және сертификаттау» АҚ ҚФ ұйымдастыруымен метрологтардың кәсіби мейрамына арналған «Өлшемдердің Халықаралық жүйеде тұрақты дамуы» атты «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараға Қызылорда облыстық және қалалық қоғамдық денсаулық сақтау депараменттері, «Инженерлі-метрологиялық орталық» ЖШС, «Айдан Мунай» ЖШС, «КРЭК» АҚ, Стандарт ӨК, «Саутс Ойл» ЖШС, «Байкен У» ЖШС, «КАМ» ЖШС, «Кызылординкая дистанция пути» АҚ, «Ремонт пассажирских вагонов» АҚ, және басқа да жергілікті тауар өндірушілер өкілдерінің метрологтары қатысты.


Метрология саласының адам өмірінде маңызы зор. Уақыт болсын, қай жерге барамыз, қай саланы алмасақ, та өзінің өлшем бірліктері бар. Мысалы медицинада, жол құрылысында, тіпті күнделікті өмірде барлығын уақытпен істейді. Осының барлығы өлшем. Бәрі метрология саласына жатады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департментінің бөлім басшысы Қамзаев Әуелбек Шәдібекұлы іс- шараны ашып, қатысушыларды кәсіби мейрамдарымен құттықтады.


Өз сөзінде, әр күн сайын, біз метрология қызметінің нәтижелеріне тап боламыз. Өмірге қажетті нақты өлшемдерді дамыту үшін жаңа технологиялардың арқасында қандай да бір өлшем жүргізетін аппараттар, күнделікті өмірде қолданатындығы аталды.


«Ұлттық сараптау және сертификаттау» АҚ ҚФ директоры –Қамбаров Ермахан Жуманазарұлы қонақтарға мерекелік құттықтау сөзін жолдап, Қазақстандағы метрологияның тарихы туралы тоқталып өтті.


Метрологияның маңыздылығын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның нормалары мен ережелері заңдар деңгейінде бекітіледі. Тіршіліктің барлық саласына араласа отырып, бүгінгі заманның метрологиясы ғылым мен техниканың дамуына ықпал етеді, уақыт, өлшем бірлігін анықтауға септесетіндігі аталды.


Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы – Әбдікәрімова Айгүл Жақсылыққызы, «Заңнамалық метрология туралы» тақырыбында баяндама жасады.


«Ұлттық сараптау және сертификаттау» АҚ ҚФ метрология бөлімінің маманы – Утепбергенова Зауреш Асқарқызы «Қысым мен температура өлшеудің қазіргі жағдайлары мен даму болашағы» тақырыбындағы баяндамасымен жалғастырды.


Бүкіләлемдік метрология күніне орай іс шара соңында Техникалық реттеу және метрология департаментінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ҚФ қызметкерлеріөлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін дамытуға және ҚР заңамалық метрологияның дамуына белсенді ат салысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.


Маржан Каримсакова,

«Ұлттық Сараптау және Сертификаттау»

АҚ Қызылорда филиалының стандарттау және тауардың шығу

тегін сараптау секторының жетекші маманы