Национальный центр экспертизы и сертификации - Дөңгелек үстел
Поделись ссылкой

Новости

Дөңгелек үстел


«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.


Мемелекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін , оның ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.


Осыған орай ағымдағы жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастырылуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіні, РГП «КазИнСт», «ҰлтССО» АҚ ҚФ, № 5 емхана, «Шебер Принт» ЖШС және тағы бірқарат мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.


Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы- Қасымов С. іс-шараны аша отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер саласындағы ҚР СТ 988-2007 және ҚР СТ 989-2014 стандарттары бойынша түсіндіріп өтті. Жанадан енген ҚР СТ 989-2014 негізгіге ала отырып сыртқы пішіндік ерекшеліктері, түр-түстік сипаттарының орындалуына қойылатын талаптар жөнініде шолып өтті.


Сонымен қатар Мемлекттік рәміздер жөніндегі республикалық коммисия туралы Ережесі мен Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру жою Ережесі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтуге бағытталған 2012 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жүргізді.


Дөңгелек үстел барысында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап беріп және берілген ұсныстарын жұмыс барысында тағы-да қарауға шешім қабылданды.



Маржан Каримсакова

«Ұлттық Сараптау және Серитификаттау орталығы» АҚ Қызылорда

филиалыныңстандарттау жәнетауардың шығутегін

сараптау секторының жетекші маманы