Национальный центр экспертизы и сертификации - Дөңгелек үстел «Жаңа стандарттар – уақыт талабы»
Поделись ссылкой

Новости

Дөңгелек үстел «Жаңа стандарттар – уақыт талабы»


20 маусым күні Кызылорда қаласы, Қонаев к-сі 4, «PRIMA PARK » БО, 2 қабат, «YNTYMAQ» мәжіліс залында «Жаңа стандарттар – уақыт талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары: Техникалық реттеу және метрология комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалы.


Дөңгелек үстел барысында күн тәртібіне сәйкес: Кіріспе сөз және бағдарламамен таныстыру - ТРМК Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Кеулімжаев Е.Б.; Жаңадан қабылданатын ұлттық стандарттардын маныздылығы мен артықшылығы жайлы - «ҰлтССО» АҚ Қызылорда филиалының директоры Қамбаров Е.Ж. толықтырулар айтты. «Жаңа стандарттар – уақыт талабы» – «ҚазСтИн» РМК Қызылорда филиалының директоры Шарапат Гүлнәз Жаксыбеккызы. ; «Орта және шағын кәсіп үшін ИСО стандарттары» – «ҰлтССО» Қызылорда филиалының СМЖ секторының меңгерушісі Ленева Ольга Анатольевна.; «Қолданыстағы стандарттар» – ТРМК Қызылорда облысы бойынша департаментінің жетекші маманы Бектаева Жадыра Жумабекқызы баяндамаларын оқып өтті.


Дөңгелек үстелдің негізгі мәні техникалық реттеу саласында жыл сайын жаңа міндетті құжаттарды қабылдау болып табылады.


Бүгінгі күні Техникалық регламенттер мен стандарттар мемлекеттік қорының 70 500-ден астам атауы бар, олардың 30 000-нан астамы - халықаралық және шетелдік стандарттар, ұлттық стандарттардың саны - 7 796 бірлік, оның ішінде 6173 бірлік халықаралық талаптарға үйлестірілді, яғни келісудің жалпы пайызы 75%.


Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша бизнес-қауымдастықтары, облыстық басқармалар мен департамент өкілдері, сонымен қатар Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда облысы бойынша индустриалды-инновациялық даму басқармасы өкілдері, «ҰлтССО» АҚ ҚФ және т.б. қатысты.


Маржан Каримсакова,

«Ұлттық Сараптау және Серитификаттау орталығы»

АҚ Қызылорда филиалының стандарттау жәнетауардың шығутегін

сараптау секторының жетекші маманы