Национальный центр экспертизы и сертификации - ДӘНДІ ЖӘНЕ МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР БОЙЫНША ЖАҢА НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР
Поделись ссылкой

Новости

ДӘНДІ ЖӘНЕ МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР БОЙЫНША ЖАҢА НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР


Қостанай облысы еліміздің астықты аймақтарының бірі. Біздің алқаптарда дәнді дақылдармен бірге майлы дақылдарды да өсіріп, өнімін алатын кәсіпорындар саны өсіп келеді. Осыған байланысты бұл саладағы нормативтік құжаттар да мамандардың қызығушылығын арттыра түсті. Жақында болған нормативтік өзгерістерге орай біздің филиал қызметкерлері «Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа нормативтік құжаттар» атты ақпаратық семинар ұйымдастырып, өңірдегі элеваторлар мен астық қабылдау пункттерінің жұмыскерлері мен мамандарының басын қосып, келелі әңгіме өткізді.


Оған ҚР АШМ АӨК аймақтық инспекциясы, мемлекеттік комитет инспекциясы мамандары шақырылып, олар өздерінің ойлары мен ұсыныстарын айтты, сұрақтарға жауап берді. Кәсіпорын мамандары ерекше көңіл бөлген ГОСТ 9353-2016, ГОСТ 13586.1-2014, ГОСТ 13586.3-2015, ГОСТ 13586.5-2015, ГОСТ ISO712-2015, ГОСТ 10854-2015, ГОСТ 22391-2015 сияқты жаңадан күшіне енген стандарттар туралы ашық әңгімелер ортаға салынды. Туындаған мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Мысалы: ақуыздың салмақтық үлесін анықтау әдісінде астық қабылдау пункттерінде химиялық зертхана болға тиіс, сынау 2-3 күн ішінде жүргізілу керек. Сондықтан бұл әдістерге тезірек толықтырулар енгізілу қажеттігі жайлы ұсыныстар айтылды. Дән сапасының көрсеткіштерін (ақуызды) инфрақызыл анализатор көмегімен ҚР СТ 1564-2016 немесе Қазақстан республикасында қолданыстағы басқа НҚ бойынша анықтауға болады.


Бұрынғы талаптарға қарағанда қазіргі талаптар қатал бола түсті. ГОСТ 22391-2015 енгізгеннен кейін майдың салмақтық үлесін, майдың қышқылдық мөлшерін анықтау үшін ішкі істер басқармасының арнайы рұқсаты қажет химиялық реактивтермен жұмыс істеу, химиялық заттарды сақтайтын арнайы ғимараттың болуы, температуралық режим, сорғыш шкафтар, арнайы білімі бар персоналдардың болуы сияқты талаптардың бәрі – заманауи талаптар.


Басшылар болып, мамандар болып өзекті мәселелердің шешу жолдары қарастырылды. Әрі қарай жұмысты ұйымдастыру жолдары айқындалды.


Семинар соңынан аттестаттау жүргізіліп, сертификаттар тапсырылды. Қатысушылардың ой-пікірлерін білу мақсатында ұйымдастырылған анкеттеу мұндай шаралардың қажеттілігін көрсетті.


Мұхтар Сибанбаев,

«ҰССО» АҚ Қостанай филиалының жетекші маманы