Техникалық реттеу объекті ретінде ТР ЕАӘҚ 045/2017 «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы»  2019 жылдың 1 шілдесінен бастап ЕАӘҚ Техникалық регламенті күшіне енді.

Техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде (ТЭК) тасымалдауға және пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі. Осы техникалық регламент Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге экспортқа жіберілетін, мемлекеттік қорғаныс тапсырмасы бойынша жіберілетін, мемлекеттік материалдық резервтің сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдарда сақтаудағы, сондай-ақ мұнай дайындаушы (өндіруші) өз қажеттіліктері үшін ғана пайдаланатын мұнайға қолданылмайды. Осы құжатты  қолдану мақсаттары үшін төмендегілерді білдіретін мынадай ұғымдар пайдаланылады.

Құжат мұнай қауіпсіздігін сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану, сондай-ақ оларды таңбалау мәселелерін реттейді. ЕАЭК техникалық регламенті осы процестерді іске асырудан туындайтын негізгі қауіп-қатерлерді анықтайды: өрт және жарылыс, адам денесінің теріс әсерлері, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануы.

«Мұнай» – магистралдық құбырмен, темір жол, автокөлік және су көлігімен тасымалданады. Одақ аумағында айналымға шығарылған мұнайдың әрбір партиясына бірқатар ақпарат бар сапа паспортымен бірге (маршруттық тапсырма немесе мұнайды қабылдап алу-тапсыру актісі немесе тиеп жіберуге арналған жүкқұжат немесе коносамент)  жүруге тиіс.Олардың ішінде – өндірушінің атауы және тауар белгісі, оның мекен-жайы және мұнайдың  шығарылған кен орны, өнімнің атауы, бренді, символы және т.б. Сапа паспорты орыс тілінде шығарылады және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық елінің заңнамасында тиісті талаптар болған жағдайда – мұнай сатылатын елдің мемлекеттік тілінде жазылады. Осы техникалық регламент 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына сәйкес әзірленді және адамның өмірін және (немесе) денсаулығын, мүлікті сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды және тұтынушыларды адасушылыққа әкеп соқтыратын іс-әрекеттердің алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ энергетикалық тиімділік пен ресурс үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағында қолдану және орындау үшін міндетті мұнай қауіпсіздігінің талаптарын айқындайды.

Сондай-ақ, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап өндірушілер мұнайдың қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттер күшіне енгенге дейін шығарылған немесе қабылданған сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған жағдайда, одақтық заңнамамен немесе мүше-мемлекеттің заңдарында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес шығара алады.

Сәйкестігін растау құжатын «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Ақтөбе филиалынан алуыңызға болдады. Сізге сәйкестігін растау бөлімінің мамандары кеңес беріп,құжаттарыңызды рәсімдеуге, қол ұшын беріп көмектесуге дайын.


 

                                                                   Басантаева Гүлжихан Өтегенқыз,
«ҰССО» Ақтөбе филиалының сәйкестігін
растау бөлімінің жетекші маманы