Атырау филиалының тарихы 1938 жылы Гурьев Салмақ-өлшеу палатасы қызмет аясында – өлшем құралдарының жай-күйін қадағалау және тексеру қызметін жүзеге асыратын дербес ұйым ретінде құрылғаннан басталады. Соғыстан кейінгі кезеңде және КСРО халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында Гурьев эталондар мен өлшеу құралдарын мемлекеттік қадағалау зертханасының дамуының жаңа кезеңі басталды. 1954 жылы зертхана Гурьев мемлекеттік бақылау зертханасына (ГКЛ), 1966 жылы Мемлекеттік қадағалау зертханасына (МБЗ) айналды. Сол жылдары жұмыстың жаңа бағыттары құрылды, калибрлеу зертханасы жаңа үлгілі өлшем құралдарымен және эталондармен жабдықталды. 1972 жылы ол Гурьев облыстық Госнадзор зертханасы (ОЛГН) болып өзгертілді.

1990 жылдан бастап Стандарттау және метрология орталығы (СМО) стандарттау жұмыстарымен айналысады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге өндіріске дайындау және өнімді өндіріске енгізуде практикалық және әдістемелік көмек көрсетумен, облыстағы технологиялық құжаттамалар мен техникалық шарттарды әзірлеумен, сараптама жүргізумен айналысады. Филиалда нормативтік құжаттардың анықтамалық-ақпараттық қоры құрылуда, оған кез келген адам өтініш бере алады. Филиалдың метрологиялық қызметі осы уақытта шектеулі диапазон бойынша өлшем құралдарын тексеруді жүзеге асырады.

1993 жылы Қазақстан Республикасының «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының шығуымен филиалда сертификаттау бөлімі құрылып, өлшем құралдарын тексеру және стандарттау жұмыстарына өнімді сертификаттау жұмыстары қосылды. 1997 жылдың 15 тамызынан бастап «Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» Атырау мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Мемлекеттік стандарттың құзыреті шегінде стандарттау, метрология және сертификаттау салаларында әлі күнге дейін арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруда.

1999 жылы 14 маусымда республика аймақтарындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіру жолымен «Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» («ҚазСМСО» РМК) шаруашылық жүргізу құқығындағы бірыңғай республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. 1999 жылғы 14 маусымдағы № 743 ҚР ЖК-не сәйкес құқық иеленушісі «ҰлтССО» ААҚ болып табылды. Ал жеті жылдан кейін 2006 жылы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» ААҚ «ҰлтССО» АҚ болып қайта құрылды.

Бүгінде Атырау филиалы стандарттау, метрология, сертификаттау, тауардың шығу тегін сараптау, менеджмент жүйелері саласында қызмет көрсететін жетекші кәсіпорын болып табылады. Филиалда жоғары білікті мамандар, өндірістік үй-жайлар, тиісті жабдықтар, сапа менеджментінің құжатталған жүйесі, ұсынылатын жұмыстар мен қызметтердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті жеткілікті материалдық және қаржылық ресурстар бар. Меншікті заманауи сынақ зертханаларының болуы тамақ өнімдеріне, парфюмерлік-косметикалық бұйымдарға, құрылыс материалдарына сертификаттық сынақтар жүргізуге мүмкіндік береді.