Мазмұнға өту
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ naceks@naceks.kz Қаз Рус
"Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ НаЦЭкСҰлттық сараптау және сертификаттау орталығы
Құжаттама

Стандарттау

Стандарттар мен техникалық регламенттерді әзірлеу және сараптау.

ГОСТ ISO СТ РК ТР ЕАЭС

Стандарттау қызметтердің, өнімдер мен жұмыстардың өмірімізге, мүлкімізге және қоршаған ортаға қауіпсіздігін, өнімдердің үйлесімділігі мен өзара алмастырылуын, өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің сапасын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ресурстарды үнемдеуге ықпал етеді.

Стандарттау саласындағы қызметтер

  • Стандарттау жөніндегі құжаттарды өзектендіру және өнім өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
  • Ұйым стандарттарының жобаларын әзірлеу және сараптау.
  • Өнімнің таңбалауын әзірлеу және (немесе) оның стандарттар мен техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін тексеру.
  • Стандарттау жөніндегі құжаттардың мәтіндерін және (немесе) жобаларын аудару.
  • Стандарттау мәселелері бойынша консультациялар беру.

Қосымша жұмыс түрлері

  • Талдау, өлшеу және сынақ зертханаларындағы өлшеулердің жай-күйін бағалау — Алматы, Қарағанды филиалдары.
  • Талдау, өлшеу және сынақ зертханаларындағы өлшеулердің жай-күйін бағалау туралы куәлікті қайта ресімдеу — Алматы филиалы.
  • Сынақ жабдықтарын аттестаттау — Алматы филиалы.
  • Өндірістік ортаның физикалық факторларын өлшеу — Алматы филиалы.
  • Өлшемдерді орындау әдістемелерін (ӨОӘ) сараптау — Алматы, Қарағанды филиалдары.
  • Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортын әзірлеу — Алматы, Қарағанды, Қостанай филиалдары.
  • Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау — Алматы, Қарағанды филиалдары.
  • Кәсіпорындардағы өнімдер мен жабдықтарды есептен шығару — Алматы филиалы.
  • Өнім паспортын әзірлеу — Алматы, Қостанай филиалдары.
  • Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу кезінде практикалық көмек көрсету — Алматы филиалы.
  • Кәсіпорындардың өтінімдері бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кештер өткізуге техникалық қызметтер көрсету — Қостанай филиалы.
  • Техникалық реттеу және стандарттау мәселелерін қамти отырып, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинарларын өткізу — Қостанай филиалы.
  • Персоналды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқыту — Қарағанды филиалы.
  • Өнімге штрих-кодтар алуға әдістемелік көмек көрсету — Қызылорда филиалы.
  • Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жүйесіне аудит жүргізу — Қостанай филиалы.
  • Тамақ өнімдеріне арналған рецептура мен технологиялық нұсқаулық әзірлеу — Маңғыстау, Қостанай филиалдары.

Стандарттау жөніндегі құжаттарды өзектендіру

Стандарттау жөніндегі құжаттарды өзектендіру — белгіленген тәртіппен қабылданған өзгерістерді, құжаттардың қолданылу мерзімдері, қайта қаралуы, қолданылуының шектелуі немесе күшінің жойылуы туралы ақпаратты енгізу арқылы оларды өзекті күйде ұстау процесі.

Өзектендіруден өтпеген стандарттау жөніндегі құжаттарды кәсіпорындардың жұмысында қолдануға жол берілмейді.

Стандарттарды өзектендіруге рұқсат (PDF)

Бізбен байланысыңыз

Астана филиалы

WhatsApp
WhatsApp-қа жазу
Telegram
Telegram-ға жазу
Email
naceks@naceks.kz
Жұмыс уақыты
Дс–Жм 09:00–18:00
Сб–Жс демалыс
Өтінім қалдыру WhatsApp