Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 348-НҚ бұйрығы бойынша осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

            Техникалық регламент отандық, импорттық өндіріс өніміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында өндірілген, ол үшін таңбалауға қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарда және актілерде белгіленбеген өнімге қолданылады, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қолданылмайды.Техникалық регламенттің ережелері өнімді жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде, сондай-ақ сәйкестікті растау кезінде қолданылуы тиіс.Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген өнімнің жекелеген түрлерін таңбалауға қойылатын талаптар Техникалық регламенттің талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: буып-түйілген күні,дайындалған (өндірілген)көрсетіледі,дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, жарамдылық мерзімі,импорттаушы,қаптама (ыдыс) – шикізатты және дайын өнімді орналастыру,өнім шығарылатын жердің атауы, өнімді айналысқа шығару,таңбалау, тауарлық белгі, ұжымдық тауарлық белгі көрсетілуі тиіс.

Тұтынушыға арналған барлақ жеткілікті ақпаратты жеткізетін және өнімге, құжаттарға, жаднамаларға (қосымша парақтарға), затбелгілерге, заттаңбаларға, қаптамаға (ыдысқа) түсірілген мәтін, тауарлық белгілер, шарттық белгі және суреттерінің көрсетілуі техникалық регламентке сәйкес болу керек.

Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес барлық сәйкестік туралы  сертификаттарында   жүзеге асырылады. Сәйкестігін растау құжатын «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Ақтөбе филиалынан алуыңызға болдады. Сізге сәйкестігін растау бөлімінің мамандары кеңес беріп,құжаттарыңызды рәсімдеуге, қол ұшын беріп көмектесуге дайын. Ақтөбе қаласы,Сағадат Нұрмагамбетов көшесі,1Б,тел:941-620,55-03-11 мекен жайы бойынша хабарласуға болады.

 

                                                                    Басантаева Гүлжихан Өтегенқызы. 

                                                                    «ҰССО» Ақтөбе филиалының сәйкестігін 

                                                                    растау бөлімінің жетекші маманы.