Национальный центр экспертизы и сертификации - Жаңа Жыл құтты болсын, құрметті әріптестер!
Поделись ссылкой

Новости

Жаңа Жыл құтты болсын, құрметті әріптестер!


Есігін айқара ашып 2018 жыл да келіп қалды. «Жаңа жыл жарылқа» дей тұрып, «Ескі жыл есірке»-ні де ұмытпайық. Өтіп бара жатқан 2017 жыл өзінің жақсы жаңалықтарымен, жеткен жетістіктерімен есте қаларлықтай болды.


Елімізде жаңа кәсіпорындар ашылып, жаңа өнімдер шығарылуда. Мысалы Қостанайда жеңіл машиналар шығарудың жаңа желілері, әлемдік брендке сай тәттілер шығару, кен орындары, құрылыс материалдарын шығару кәсіпорындары іске қосылды.


Дүниежүзіне Қазақстанды паш еткен ЭКСПО-ны айта кеткен жөн. Осы шарадан кейін біздің – стандарттау және сертификаттау саласын жандандырар жаңалықтар келеді деген сенім мол.


Қостанай филиалында аккредиттеу саласын кеңейту жұмыстары жүзеге асты, жаңа жабдықтар сатып алынды, мамандыр өзімізде, шетелдерде біліктіліктерін арттырды.


2017 жылдың жаңалықтары жетерлік. Ең бастысы - дағдарысқа қарамай алға жылжушылық бар. Ел амандығы мен адамдардың денсаулығын, экологиялық тазалықты, сан мен сапаны сақтау жолындағы еңбектерін жалғастыруға деген ынта бар.


«Ұлттық сараптау және сертификаттау» орталығы Қостанай филиалының ұжымы бәріңізді келе жатқа 2018 Жаңа Жылмен құттықтайды! Жаңа Жыл жақсы жаңалықтар, таң қаларлық жетістіктер, мол табыс әкелсін. Бәріңізге зор денсаулық, күш-жігер, қайраттылық тілейміз. Ұлттық орталығымыздың сапа саласындағы жаңа саясаты жеңістерге жетелейді деген сенімдеміз. Қызмете де, жанұяда да жетістіктерге жете беріңіздер!


Игі тілекпен: Қостанай филиалының ұжымы