2019 жылдың 11 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңы күшіне енді. Бұл әрине, Қазақстан стандарттауы саласындағы тарихи сәттердің бірі. Бұрын тек Техникалық регламент құрамының бірнеше тармақтарын ғана құраған көп сұрақ, өмірімізге бөлек Заң болып енді және халықаралық деңгейде танып білуге максималды жақындай түсті. Заң деңгейінде мемлекеттік стандарттау жоспарлауын құруға жаңа көзқарас қалыптасып, біздің тұтынушылар мен бизнеске жалпы қоғамға нақты қажетті актуалды стандарттар әзірленеді деген сенім мол. Әсіресе, Қазақстанға тән, мемлекеттік брендпен өндірілетін тауарлар өзіміздің стандартымызбен әлемге әйгілі бола түссе ел экономикасы да гүлденері анық.

Аталмыш Заң күшіне енгелі оның мәні мен мақсатын тұрғындарға түсіндіру барысында БАҚ беттерінде ақпараттар, телевидение және радиода сұғбаттар беріп, Қостанай тұрғындарына түсінік жұмыстарын жүргізудеміз. Заң көп жағдайды анықтап, бизнес пен тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын да құрал.

Бұл Заңға байланысты Стандарттау бойынша ұлттық орган анықталды. Бұл органның алдында зор міндеттер тұр. Сол міндеттерді бірлесіп шешуге біздің ұйым дайын екендігін айта кеткім келеді. Енді барлық деңгейде құжаттардың, өнімнің, қызмет көрсетулердің сапасы арта түсу керек.

Әттеген-ай дейтін де тұстарының болу заңды құбылыс қой. Соның бірі – каталогтау сұрағында ұйым стандарттарының түсіп қалуы. Жалпы жергілікті өндірушілер үшін қазіргі уақытта ұйым стандарттарының мәні зор. Ұйым стандарттарын әзірлеу арқылы көп сұрақтардың басын ашуға болады. Ал, оларды каталогтау – жергілікті кәсіпкерлерді бүкіл республикаға таныту болып саналатын. Жаңа Заң бойынша ұйым стандарттарының категориясы болғанымен оларды каталогтау мәселесі мүлдем жоқ. Яғни, олар туралы, олардың өнімдері туралы, ешкім ештеңе білмейді. Бұл сұрақ келешекте шешіледі деген сенім бар.


М.К. Сибанбаев,
«ҰССО» АҚ Қостанай филиалының жетекші маманы