Перейти к содержимому
Новости

«Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-сы алғашқы цемент өнімдерін шығара бастады

Қытай компаниясы «Гежуба Груп КО ЛТД», «Гежуба Груп Зарубежное Капиталовложение КО ЛТД» компаниясы «Компания Гежуба Шиелі Цемент» зауытын құрды. Зауыттың негізгі мақсаты Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Шиели Цемент» заутын салу болды.

Зауыт «Шиели Цемент» құрғақ технологиясын пайдалана отырып 1 күнде 2500 тонна клинкер шығарады. Құрғақ цемент өндіру технологиясы жабдықтардың қуаттылығы мен сапасын, өзіндік құнын төмендетіп және қоршаған ортаны ластаудан сақтайды. Зауыт Шиелі ауданының тұрғындарын 230 жұмыс орнымен қамтып отыр. Мекеме басшысы өз мамандарын техникалық дайындауға және жұмысшылардың біліктілігін көтеруге негізделген. Зауыттың алдағы мақсаты тампонажды цемент өндіру болып табылады. Цементтің бұл түрін Қазақстандық кәсіпорындар өндірмейді.

Қызылорда филиалы АҚ «ҰлтССО» «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-мен тығыз іскерлік қатынас орнатып келісім шартқа отырған. Біздің мамандар метрология, стандарттау, сертификаттау және сынақ зертханасы қызметтерін көрсетуде. Зауыттың мақсаты цементтің 9 түрін шығару болып табылса, қазіргі таңда цементтің екі түрін өндіріп, оларды зерттеуден өткізіп, оң нәтижеге ие болды. Берілген сынақ хаттамаларының нәтижесінде цементтің 2 түріне сәйкестік сертификаттары берілді.


Маржан Каримсакова,
«Ұлттық Сараптау және Серитификаттау орталығы»
АҚ Қызылорда филиалының стандарттау және тауардың шығу тегін сараптау секторының жетекші маманы

Информация

Читайте также

Все новости

Расширение сферы деятельности в области промышленной безопасности

Рады сообщить, что Кызылординский филиал АО "Национальный центр экспертизы и сертификации" расширил сферу деятельности по осуществлению работ в области промышленной безопасности: Подготовка,…

Читать далее
Записаться Звонок