Қазіргі кезеңде құрылыс индустриясының қарқынды дамуы, құрылыс материалдары өндірісі саласына жоғары сапалы материалдар өндіру міндетін қоюда. Құрылыс материалдары мен бұйымдарының негізгі қасиеттері мен төзімділігін арттыру тек қана жоғары сапалы шикізаттар мен қазіргі заманғы қондырғыларды қолдануға тәуелді болып қалмастан, құрылыс материалдарын өндіру кезінде жүретін химиялық процестерді білікті басқаруға да тәуелді. Осыған орай «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының құрылыс материалдарын сынақтан өткізуге арналған сынақ зертханасы 2018 жылдың 19 шілдесінен бастап өз жұмысын жүргізіп келеді. Құрылыс өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және кепілдендіруді мақсат еткен орталық құрылыс өнімдерінің 23 түрін (қиыршықтас, малтатас,құм, кірпіш, бетон, цемент және т.б) сынақтан өткізуде. Яғни, барлық құрал-жабдықтармен толық қамтылған зертханада өнімнің аязға төзімділігін, су сіңіру, орташа тығыздық, фракциялық құрамы, уатылған түйіршіктер құрамын, шаң түріндегі және саздық бөлшектердің құрамын, уатылғыштығын, су өткізгіштік, ылғалдылық, жылжымалылық, қысу беріктілігі, иілгіштігін анықтау, қаттылық, табиғи радионуклидтердің нақты тиімді белсенділігі секілді басқа да негізгі факторларын анықтайды.
– Бұл зертхана цементтің металл және металл емес тотықтарын, әк және әк ұнына – металл және металл емес белсенді тотықтарын, кальций және магний карбонаттары, кальций оксидіне есептелінген еркін сілтілер, суда еритін және ерімейтін заттарды анықтау бойынша сынақ жүргізеді.
Облыс көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына бүгінгі таңда 80% отандық өнімдер пайдаланылуда. Құрылыс өнімдерін өндіріп жатқан ЖШС «Компания Гежуба Шиелі Цемент», ЖШС «Нұр Строй LTD», ЖШС «LCI MK», АҚ «Құрылыс» – сынды 40-қа жуық құрылыс мекемелері «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының құрылыс материалдарын сынақтан өткізуге арналған сынақ зертханасымен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Құрылыс зертханасында барлық жағдай қарастырылған. Құрылыс өнімдерінің сапа сәйкестігін анықтауға толық мүмкіндігі бар.
Сіздерге «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының білікті мамандары сапалы қызмет көрсетеді. Желтоқсан к-сі 140, тел.8(7242) 23 56 54.
: Қ. Сматов
«ҰлтССО» АҚ ҚФ құрылыс зертханасының
бірінші санатты маманы