Тауардың шығарылған елін айқындау бойынша консультациялық және сүйемелдеу қызметтері
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ өндірушілер мен экспорттаушыларға тауарлардың шығарылған елін айқындау, Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу және экспортқа қажетті құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша консультациялық және сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді.
1. Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу бойынша сүйемелдеу
Кәсіпорынды Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне (ҚТӨ тізілімі) енгізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді дайындау жүзеге асырылады, оның ішінде мынадай мәселелер бойынша:
- өндірістік қуаттар мен жабдықтар;
- технологиялық процесс;
- персонал;
- өнімнің кодтары мен сипаттамалары;
- өндіріс шарттарының орындалуын растайтын құжаттар.
Тізілімге енгізу электрондық форматта жүзеге асырылады.
2. Тауарларды Ұлттық тауарлар каталогында тіркеу бойынша сүйемелдеу
Тауарларды Ұлттық тауарлар каталогында тіркеу, тауар карточкасын қалыптастыру, сондай-ақ өнімнің жіктеу кодтары мен сипаттамаларын тексеру үшін қажетті мәліметтерді дайындау жүзеге асырылады.
Тіркеуден кейін тауарға NTIN ұлттық сәйкестендіру коды беріледі.
3. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына қатысу үшін құжаттарды дайындау
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешіміне сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін растау үшін қажетті құжаттарды дайындау жүзеге асырылады.
4. Экспортталатын тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды ресімдеу үшін құжаттарды дайындау
Тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды төмендегі нысандар бойынша ресімдеу үшін қажетті құжаттарды дайындау жүзеге асырылады:
- СТ-1 – қолданыстағы еркін сауда туралы келісімдерге сәйкес ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге экспортталатын тауарларға;
- СТ-2 – Сербия Республикасына экспортталатын тауарларға;
- EAV – ЕАЭО мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім шеңберінде Вьетнамға экспортталатын тауарларға;
- «А» нысаны – Жалпы преференциялар жүйесі шеңберінде тарифтік преференциялар беретін мемлекеттерге экспортталатын тауарларға;
- «Оригинал» – тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттардың арнайы преференциялық нысандарын қолдану көзделмеген елдерге экспортталатын тауарларға.
Сүйемелдеу шеңберінде құжаттарға, тауардың шығу тегін айқындау өлшемшарттарына, технологиялық процеске, шикізат пен құрамдас бөліктерге талдау жүргізіледі, сондай-ақ өтініш дайындалады.