«Қауіпсіздік үшін төлеу керек,
ал оның болмауының зардабын
тарту керек»
Уинстон Черчилль

«ҰлтССО» АҚ Қостанай филиалы өз жұмысында өнімнің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін міндетті растауға ғана емес, сонымен қатар өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін ерікті түрде растауға үлкен көңіл бөледі. Ерікті сертификаттау процесі өнімнің стандарттау құжаттарына немесе өтініш берушінің талаптарына (мысалы, шарт талаптары, ұйым стандарты) сәйкестігін растау мақсатында өтініш берушінің (дайындаушының) бастамасы бойынша жүзеге асырылады.
Көршілеріміз – Ресей Федерациясы мемлекеттік деңгейде ресми тіркелген ерікті сертификаттау жүйесін құрды. Росстандарт тіркелген ерікті сертификаттау жүйелерінің Бірыңғай тізілімін жүргізеді.
Қазақстан Республикасында да ерікті сертификаттаудың өзіндік жүйесін құру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралдарының бірі болып табылатын «Қазақстанда жасалған» белгісімен тауарларды ерікті сертификаттау жүйесін әзірледі, бұл жайында 27.01.2023 жылы 2022 жылға арналған ТРМК қызметінің қорытындылары бойынша өткен отырыста талқыланды. Бөлімнің 2023 жылға арналған міндеттерінің бірі – отандық тауарлар мен қызметтердің сапасын дамыту арқылы тұрақты негізде ішкі нарықты, өндірісті ынталандыру, саудадағы қарсы техникалық кедергілерді анықтау және орнату мақсатында ерікті сертификаттауды қорғауды қамтамасыз ету. Өнімдер мен қызметтерді ерікті сертификаттау біздің өтініш берушілерге кең мүмкіндіктер береді, атап айтқанда:
-Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға және өнімді өткізудегі кедергілерді жоюға көмектеседі;
– Кәсіпорынның имиджін жақсартады, нарықта өзін көрсетуге мүмкіндік береді;
-Азаматтардың сенімін тудырады, өйткені тұтынушы сертификатталған өнімдер мен қызметтерге артықшылық береді;
– Мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік береді.
«Полиграфия Костанай» ЖШС, «РБК Плюс» ЖШС, «Жас Қанат 2006» ЖШС, «Қостанай АгроПродукт» ЖШС, «Фабрика нетканых материалов» ЖШС, «S.M.F.-System» ЖШС, «Темп-2» ЖШС, «Қостанай Жолдары» ЖШС, «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС, «Қостанай минералдары» АҚ сияқты және басқа да көптеген тұрақты өтініш берушілеріміз өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғарыда аталған барлық мүмкіндіктерді пайдаланады.
Ерікті сертификаттаудың кезеңдері міндетті сертификаттау кезіндегідей өтініш беруден бастап қорытынды құжат – ерікті сертификаттауға сәйкестік сертификатын беруге дейінгі рәсімдерді қамтиды.
«ҰлтССО» АҚ Қостанай филиалының сарапшы-аудиторлары біздің тұрақты және әлеуетті тұтынушыларымызға қызмет көрсету үшін жеткілікті білім мен біліктілікке ие және сізді міндетті сәйкестікті растау саласында да, өнімдер мен қызметтерді ерікті сертификаттау саласында да ынтымақтастыққа шақырады.

Тамақ өнеркәсібі
және ауыл шаруашылығы өндірісінің
сәйкестігін растау бойынша
сарапшы-аудиторы
Шәріпбаева Г.