Филиалдың тарихы 1969 жылдан басталады, Шевченко қаласында (қазіргі Ақтау) Гурьев облыстық эталондар мен өлшеу құралдарын мемлекеттік қадағалау зертханасының Шевченко филиалы жұмыс істей бастады. Ол кезде облыс кәсіпорындарында құрал жабдықтарды мемлекеттік тексеру және тексеру жұмыстарын жүргізумен 5 адам айналысты. Бүгінгі таңда филиалдың штат саны 62 адам, оның ішінде өнімнің, көрсетілетін қызметтердің, менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау бойынша 12 сарапшы-аудитор және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйелерінде аттестатталған 8 тексеруші қызметкерлерден құрайды.

Филиал өз қызметін өзінің әкімшілік ғимаратында жүзеге асырады, сынақ зертханалары бар, нормативтік техникалық құжаттармен қамтамасыз етілген, техникалық байқау орталығы (ТҚО) ашылды. 2003 жылы филиалдың сапа менеджменті жүйесі Ресей теңіз кеме қатынасы реестрінде ISO 9001 халықаралық стандартына сәйкестігіне сертификатталды.

Филиалда кадрлардың кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыруға және оқытуға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта мамандарды жақын және алыс шетелдерге тұрақты түрде жіберіп, қызметкерлердің өздігінен білім алуы филиалдың күнделікті жұмысында қалыпты жағдайға айналды.

Филиалдың негізгі қызметі өнімді (қызметтерді), менеджмент жүйесін сертификаттау болып табылады. Филиалда азық-түлік, құрылыс, электр, электронды, кабельдік, отын және химиялық өнімдерді сертификаттау бойынша жоғары білікті мамандар, сарапшылар – аудиторлар бар, сонымен қатар қоғамдық тамақтану қызметтерін, жанар-жағармай құю станциялары мен мұнай өнімдері базаларын, қонақ үйлерді, көлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету мен құрғақ тазалағыштарды сертификаттауды жүзеге асырады.