Талдықорған филиалының тарихы 1961 жылы Алматы мемлекеттік бақылау өлшеу техникасы зертханасының Талдықорған бөлімшесінің ашылуынан басталады. 1967 жылдың соңында қызмет саласы кеңейгеннен кейін, өлшеу техникасы бойынша Талды-Қорған мемлекеттік бақылау зертханасы болып қайта аталды.

Ұйым қарапайым өлшеу құралдарын сынақтан өткізетін шағын ғимаратта орналасқан. Облыстың барлық аумағын қамти отырып, неғұрлым ауқымды жұмыс істеу үшін жағдайлар болған жоқ, бұл мемлекеттік қадағалау зертханасының одан әрі дамуына қатты әсер етті. Содан кейін КСРО стандарттау және метрология жөніндегі мемлекеттік комитетінің алдына 1986 жылы пайдалануға берілген уақыт талаптарына жауап беретін жаңа типтік корпус салу қажеттілігі туралы мәселе қойылды. 1988 жылдан бастап Талды-Қорған өлшеу техникасы жөніндегі мемлекеттік бақылау зертханасы стандарттар мен өлшеу техникасын мемлекеттік қадағалау Талды-Қорған зертханасы болып өзгертілді.

1992 жылы Талды-Қорған стандарттар мен өлшеу техникасын мемлекеттік қадағалау зертханасының негізінде Талды-Қорған стандарттау және метрология орталығы құрылды. 1995 жылы орталық 11 түрі бойынша өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру және метрологиялық аттестаттау құқығына сай техникалық құзыреттілік пен тәуелсіздікке аккредиттелді.

1996 жылы тағы 4 жаңа тексеру игерілді, мысалы: хроматограф, полярограф, болат резервуарларды геометриялық әдіспен градуирлеу, жалынды-фотометриялық сұйықтық анализаторлары. КФК-2МП, РЛ, РЛ-2 типті рефрактометрлер, әмбебап рефрактометрлер сияқты тексерулердің жаңа түрлері игерілуде. Сол жылдан бастап филиал мамандары Тәуелсіз Республикадағы жаңа қызмет түрі – сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізе бастады. Көрсетілетін қызметтердің құзыреттілігі сәйкестікті растау (сертификаттау) жөніндегі органның аккредиттеу аттестатымен расталады.

1997 жылдан бастап Талды-Қорған стандарттау және метрология орталығы, Талдықорған стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы болып, 1999 жылы “Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы” РМК Талдықорған филиалы, 2000 жылдан бастап “Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” ашық акционерлік қоғамының Талдықорған филиалы, 2005 жылдан бастап “Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” акционерлік қоғамының Талдықорған филиалы болып қайта аталды.

Бүгінгі таңда Талдықорған филиалы-өз құрылымында сәйкестікті растау жөніндегі органы, стандарттау және метрология қызметі бар өңірдегі жалғыз кәсіпорын. Филиалға жүгінген кәсіпорындар стандарттау, метрология, сертификаттау, сынақ орталығы, автокөлік құралдарын техникалық тексеру орталығы саласындағы қызметтерді ала алады.

Талдықорған филиалына жүгінудің негізгі артықшылықтары:

  • қызмет көрсету сапасына кепілдік;
  • әр клиентке жеке көзқарас;
  • бөлімшелердің жоғары техникалық жабдықталуы;
  • жоғары біліктілік және практикалық тәжірибесі мол мамандар;
  • стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеу.

Біз сапа мен қауіпсіздікке сүйенген барлық адамдарға көмектесуге қуаныштымыз!