Дүниежүзілік метрология күнін мерекелеу аясында «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалы мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бірлесіп «Дөңгелек үстел» отырысын өткізді. Цифрлық дәуірдегі метрология».
Метрология – өлшемдер, олардың бірлігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар, тиісті дәлдікке жету жолдары туралы ғылым.
Шараға Қызылорда облысы мен қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының, «АГМ-Табыс» ЖШС, «Құмкөл Транс Сервис» ЖШС, «IMC» ЖШС және метрологияға қатысты басқа да жергілікті мекеме өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде:
– цифрлық метрология саласында экономиканың әртүрлі секторларының алдында тұрған міндеттер;
– медицинадағы цифрлық метрология, уран мен мұнай, мырыш өндіру, құрылыс материалдарын өндіру және сынау, сондай-ақ метрологиялық қызмет көрсету;
– біртұтас экономикалық кеңістікте метрологияда цифрландыруды дамыту жолдары;
– цифрлық технологияларға көшудегі филиалдардың салыстырып тексеру/калибрлеу зертханаларының тәжірибесі туралы;
– өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу бойынша цифрлық шешімдерді енгізу;
– метрологиялық бұлт – Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі өлшем бірлігін қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру құралы.
– метрологиялық бақылауды цифрландыру және өлшеу нәтижелерін салыстыру.
Метрологиялық қадағалану – өлшеу нәтижесінің қасиеті, оған сәйкес нәтижені тексеру мен калибрлеудің құжатталған үзілмейтін тізбегі арқылы шама бірлігінің мемлекеттік эталонымен корреляциялауға болады.
Шама бірліктерінің эталондарын салыстыру – дәлдік деңгейі бірдей шама бірліктерінің эталондары бойынша өлшем бірлігін жаңғырту және беру кезінде өлшеу нәтижелерінің арасындағы байланысты орнату.

Гүлшаш Даубаева
«ҰлтССО» АҚ Қызылорда филиалының
геометриялық және механикалық өлшеуіш аспаптарын
тексеру және калибрлеу секторының меңгерушісі