Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіп мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отырған басым сала болып табылады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Жеңіл өнеркәсіп өнімдері Кеден одағының «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 017/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі расталғаннан кейін ғана нарыққа айналымға шығарылады.
Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі келесі көрсеткіштермен бағаланады:
– механикалық: сыну жүктемесі, бекіту беріктігі, икемділігі, соққыға төзімділігі;
– химиялық: тізбесі материалдың химиялық құрамына және (немесе) өнімнің мақсатына байланысты айқындалатын зиянды химиялық заттардың ауаға және (немесе) су ортасына рұқсат етілген шекті шығарылымы;
– биологиялық: гигроскопиялық, тыныс алу қабілеті, суға төзімділік, электростатикалық өрістің күші, уыттылық көрсеткіші немесе жергілікті тітіркендіргіш әсері, түс тұрақтылығы.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің жеңіл өнеркәсіп өнімдерін және жеке қорғану құралдарын (киім және аяқ киім), орауыштарды өндіру кеңінен дамып келеді.
«FIBC KAZAKHSTAN» ЖШС, «АУПП» ҚБ «КОГ», Ақтөбе БПП «Қазақ соқырлар қоғамы» ЖШҚ, «Magistral Terminal» ЖШС, «Life4job» ЖШС, «Ортус А» ЖШС, «Қыран – Батыс мұгедектері» ҚБ, «А-Текстиль» ЖШС сияқты кәсіпорындардың өнімдері Ақтөбе облысында ғана емес, шетелде де танымал.
Бұл кәсіпорындардың өнімдері сәйкестікті растаудан өтті, бұл олардың қауіпсіздігін растады.
Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., С. Нұрмағамбетов көш., 1Б
тел. 8 7132 941620 (3210, 3233)

Сергеева Марина
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ АФ
жетекші маманы