Ұйымға Өскемен қаласы, Сәтбаев көшесі, 13/9, 1-корпус мекенжайында орналасқан зертхана бөлмелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар мердігер қажет.
Сметалық құжаттар қоса тіркеледі. Құрылыс жұмыстарының сметалық құны – 5 056,278 мың теңге.
Міндетті талаптар:
құрылыс жұмыстарын жүргізуге лицензиясының болуы;
кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
тапсырыс берушілерден пікірлердің (ұсыным хаттардың) болуы;
банктен және салық органдарынан берешектің жоқтығы туралы анықтамалар;
құрылтай құжаттарын қоса ұсыну.
Коммерциялық ұсыныста келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
ҚҚС-пен баға;
жұмыстарды орындау мерзімі;
кепілдік мерзімі.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 20.03.2026 ж. сағат 15:00-ге дейін.
Өтінімдерді келесі электрондық поштаға жіберу қажет:
otoksr.naceks@mail.ru
Қосымша ақпарат алу үшін телефондар:
87013897454, 87172-69-53-55 (ішкі нөмірі 1216).
