2023 жылғы 6 маусымда «ҰлтССО» АҚ басшылығы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің (ҚР СИМ ТРМК) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен (ҚР ЖОО) кездесуіне қатысты.
Кездесу Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті.
Кездесу бағдарламасы аясында ҚР СИМ ТРМК төрағасы Елікбаев Қ., «ҚазСтандарт» РМК Бас директоры Г. Мұхамбетов және «ҰАО» РМК бас директорының орынбасары Қарасаев Е. атынан бірінші басшылары сөз сөйледі.
«ҰлтССО» АҚ президенті Суентаев Д. «Сертификаттау, стандарттау және метрология» мамандығының тартымдылығын қамтамасыз ету бойынша ұсынылатын шаралар» атты өзекті тақырып бойынша сөз сөйледі.
Кездесуде ҚР СИМ ТРМК мен ҚР ЖОО арасында Ынтымақтастық туралы Декларацияға қол қойылды.