2024 жылдың қараша айында «ҰлтССО» АҚ Қостанай филиалының өкілдері, машина жасау өнімінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор С. А. Пятковский және ТҚКО секторының меңгерушісі  А. Р. Смағұлов ҚХР-на, Вэйфань қаласына «Weichai Lovol Intelligent Agricultural Technology Co» зауытына (бұдан әрі мәтін бойынша LOVOL ) LOVOL сауда маркасының сертификатталған өніміне, оның ішінде тракторларға, өздігінен жүретін астық жинайтын комбайндарға, астық орақтарына мерзімді бағалау жүргізу үшін сапар шеккен болатын. Мерзімді бағалау тікелей өндіруші кәсіпорында екі күн жүргізілді.

Қытайдағы ең ірі ауылшаруашылық және құрылыс техникасын өндірушілердің бірі LOVOL компаниясының Шаньдун провинциясы (Weifang), Вэйфань қаласында негізгі өндірістік кешені бар. Бұл зауыт ішкі қытай нарығына да, шетелге де жеткізілетін тракторлар, комбайндар және басқа да ауылшаруашылық техникаларын өндіретін маңызды орталық  болып табылады. Вэйфаньдағы LOVOL зауытының өнімдері әлемнің ондаған елдеріне, соның ішінде Ресейге, Африкаға, Оңтүстік-Шығыс Азияға және Латын Америкасына сәтті экспортталады. Қазіргі уақытта компанияда шамамен 13000 қызметкер жұмыс істейді және оның бизнесі бүкіл әлем бойынша 120-дан астам елдер мен аймақтарды қамтиды.

Компания өз машиналарын жергілікті пайдалану жағдайларына бейімдеуге тырысады, бұл оның өнімдерін бүкіл әлемдегі фермерлер үшін ерекше тартымды етеді. LOVOL сонымен қатар әр бөлшектің жоғары сапасына кепілдік беретін әлемдегі жетекші жиынтықтауыштар өндірушілерімен серіктес. Осының арқасында LOVOL техникасы сенімді, берік және қол жетімді бағамен ерекшеленеді.

Бүгінгі таңда «ҰлтССО» АҚ Қостанай филиалымен LOVOL компаниясы өз өнімдерінің әртүрлі үлгілерін сериялық шығаруға 24 сәйкестік сертификатын алды. Өзара тиімді ынтымақтастық екі тарапқа да пайдалы және тиімді, мамандардың білім деңгейін арттырады және филиалдың дамуы үшін үлкен әлеует пен перспективаға ие.

 

Байланыс телефондарымыз:

8-(7142) 522066 (ішкі 7708) (сәйкестікті сараптау және растау бөлімі)

«ҰлтССО» АҚ ҚФ ССРБ

жетекші маманы

С. А. Пятковский