Дүниежүзілік Сапа күні 1989 жылдан бастап қарашаның екінші бейсенбісінде БҰҰ қолдауымен стандарттау және сапа жөніндегі ірі халықаралық ұйымдардың бастамасымен жыл сайын өткізіледі.

Жыл сайын “Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” АҚ Астана филиалы Дүниежүзілік сапа күні мерекесіне орай іс-шаралар өткізеді.

Биыл 14 қарашада «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті” ҰАҚ  әр түрлі саладағы өндірушілер мен кәсіпорындардың қатысуымен “Ойлауды сапалы және тиімді басқаруға өзгерту” конференциясы өтті.

 

Күн тәртібінде “Өнімділік талаптарына сәйкестікке” ұранымен спикерлер әртүрлі тақырыптарда сөз сөйледі:

“Тәуекелдерді басқару жүйесі (процестің тәуекелдері) немесе ISO 37001 комплаенс қызметі” – “Ұлттық аккредиттеу орталығы” ҚРМ ШЖҚ департаментінің басшысы – Орынғалиұлы А.;

 

“Сапа – басты бәсекелестіктің артықшылығы” – “Атамекен” ҚР ҰКП, Шуйкебаева Ж.С;

“Қонақ үй қызметтерінің қалыптасу тарихы” – қонақ үй қызметтері бойынша сарапшы Мунтаева А.А.

“Жасанды интеллект және ISO 27001” – ЕҰУ 4 курс студенті Аукенова Жаннур.