«Елімізде өңірлердегі өндіріс үлесі артса, экономикалық жағдай да тұрақталады. Өңірімізде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жүйелі түрде дамып келеді. Облыстық өнімнің үлесі 32 пайызды құрайды. Экономикалық белсенді халықтың ішінде кәсіпкерлікпен қамтылғандар саны 37% құрайды. Статистикаға жүгінер болсақ, өткен жылмен салыстырғанда биыл кәсіпкерлік субъектілері 12 пайызға өсіп, 61 мыңды құрады.Мұнда көрмеге қойылған өнеркәсіп тауарларын, азық-түлік пен киім-кешектердің ассортименті мен сапасын көрдік. Кәсіпкерлікті дамыту еліміз бен өңіріміздің дамуына серпін береді. Сондықтан қала билігі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бұл бағытта жұмыс істеуге дайын», – деді Нұрлан Асқарұлы.
Жыл сайын отандық өнімнің сапасын арттыру және қазақстандық нарықты бәсекеге қабілетті тауарлармен толтыру шаралары қабылдануда.
Сараптамалық комиссияның жұмысына «ҰлтССО» АҚ Маңғыстау филиалының жетекші маманы Лаура Усеновна Тумышова мүше ретінде қатысты.
Байқау үш номинация бойынша өтті:
1) «Үздік өнеркәсіп тауарлары».
2) «Халыққа арналған ең жақсы тауарлар».
3) «Ең жақсы азық-түлік өнімдері».
Оған облыстың 49 кәсіпорны қатысты. Барлығы тоғыз жеңімпаз.
«Үздік өнеркәсіп тауарлары» номинациясы бойынша жеңімпаздар:
«Қасқор Машзавод» АҚ, «Қаз Азот» АҚ және «OSS KAZAKHSTAN» ЖШС.
«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша:
ЖК «Меңдіқұлова», ЖК «Жекенова», ЖК «Рахым сәби».
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша үздіктер:
«Ақтау Агро» ЖШС, ЖК «Төлеуш Даниял Саматұлы» және ШШ «Кобзев Руслан Викторович».
Облыстық байқаулардың 9 жеңімпазы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысуға мүмкіндік алды. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП сараптамалық тобы 27 финалистті анықтайды. Жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы анықталады.
Диплом иегерлері төрт жыл ішінде «Қазақстанның үздік тауары» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.
«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау жыл соңында Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен салтанатты шарада өтеді.
МЖБ басшысының м.а. Тумышова Л.У.