Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Қостанай филиалына «ҰлтССО» АҚ стратегиялық даму жөніндегі вице-президенті Ұржан Марлен Абатұлы бастаған делегация іскерлік сапармен келді. Сондай-ақ, «ҰлтССО» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Сәрсенбаев Марлен Ибрагимұлы және Ақтөбе филиалы бөлімшелерінің басшылары филиалдың қонақтары болды. Қостанай филиалының директоры Азамат Қабашұлы Жарманов қонақтарды барлық бөлімшелермен: ӘБП; сәйкестікті сараптау және растау бөлімімен; стандарттау және тауарлардың шығу секторын қоса алғанда менеджмент жүйелері бөлімімен; астық, құрылыс, микробиологиялық, агрохимиялық (топырақты, тыңайтқыштарды, пестицидтерді сынау) зертханаларды қоса алғанда сынақ орталығымен, сынау секторларымен, автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасы секторымен, өндірістік факторлар секторымен; ТҚО; метрология бөлімімен таныстырды. Ақтөбе филиалы бөлімшелерінің басшылары біздің бөлімшелеріміздің әріптестерімен және мамандарымен қарым-қатынас жасай отырып, оларды қызықтырған барлық мәселелерді талқылады, Қостанай филиалының енгізілімдерін қабылдап, қолда бар тәжірибелерімен бөлісті.

Вице-президент және филиалдар директорлары Қостанай және қазақстандық өндірістің флагманы болып табылатын «ДЕП» ЖШС-де болды, оның өнімдері бірнеше рет Республикалық және Халықаралық көрмелердің жүлдегері болып шықты, Қостанай облысында да, Қазақстанның басқа облыстарында да танымал, оны Республикадан тыс жерлерде де біледі.

Кәсіпорын өлшеу құралдарын тексеру, сынау, құжаттаманы әзірлеу, өнім мен менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау бойынша Қостанай филиалымен тығыз жұмыс істейді. Қонақтар шығарылатын өнімдердің ассортиментімен таныстырылды, дәм тату ұйымдастырылды.

Кездесу қонақтар үшін де, Қостанай филиалының мамандары үшін де жемісті болғанына сенімдіміз. Мұндай тәжірибе алмасу мүдделі тараптардың қызмет саласын кеңейту, филиалдардың бірлескен қызметін жетілдіру, жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашу мақсатында қажет.

 

 

Стандарттау және ақпараттық қамтамасыз ету

секторының меңгерушісі

Ерохина Т. Д.