Микотоксиндер – белгілі бір зең түрлерінен пайда болатын табиғи токсиндер. Микотоксиндердің адам мен малдың денсаулығына кері әсері жедел уланудан бастап иммунитет тапшылығы мен қатерлі ісік сияқты созылмалы ауруларға дейін әртүрлі формада болуы мүмкін.

Микотоксиндердің ерекше қаупі – олар химиялық тұрақтылығымен ерекшеленеді және термиялық өңдеу процесінде жойылмайды.

Жүздеген белгілі микотоксиндердің ішінде адам мен мал денсаулығына ең көп таралған және ең үлкен қауіп төндіретін афлатоксиндер, охратоксин А, патулин, фумонизиндер, зеараленон, Т-2 токсин және ниваленол/дезоксиниваленол.

Бұны анықтауға заманауи құрылғылар қажет. Осы орайда «ҰлтССО» АҚ Қызылордафилиалы жаңа “ORLANT” сұйық микробағанды хроматограф құрылғысымен толықты. Бұл өз деңгейінде сынақ зертханасы үшін үлкен сынақтар зерттеуге және сенімді дәлелдемелерге қол жеткізуге мүмкіндіктер береді.

“ORLANT” сұйық микробағанды хроматограф – изократикалық немесе градиентті арнайы еріткіштермен күрделі тазаланып алынған үлгіні қолмен енгізуге де болатын функционалды біріктірілген құрылғылардың әмбебап зертханалық аналитикалық кешені.

Жұмыс принципі хроматографиялық колоннадағы заттардың қоспасын бөлу, содан кейін анықтауға негізделген.

Біздің сынақ зертханамызда келесідей микотоксин түрлері анықталады:
– афлатоксин В1
– охратоксин А
– патулин
– зеараленон
– Т-2 токсин
– Дезоксиниваленол

Егерде жоғарыда атап өткендей сынақтар жүргізу қажет болған жағдайда, біздерге хабарлассаңыздар болады. Мекен жайымыз Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 140
Сынық зертханасы

Байланыс телефондарымыз: 8 (7242) 23-56-54. Вн. 8002, 8(7242) 23-53-78
Эл.почта: labkyz@naceks.kz