2023 жылғы 18-19 қазан аралығында «ҰлтССО» АҚ БҚФ МЖСРжМ бөлімінің сарапшы-аудиторларымен «AVENCOM» ЖШС-де сапа менеджменті жүйесін қайта сертификаттау аудиті және экологиялық менеджмент және еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті жүйелеріне жоспарлы инспекциялық бақылау жүргізілді, ол қолданыстағы менеджмент жүйелерінің сәйкестігі мен нәтижелілігін, сондай-ақ олардың өзектілігі мен сертификаттау саласының ҚР СТ ІЅО 9001-2016 (ІЅО 9001: 2015), ҚР СТ ІЅО 14001-2016 (ІЅО 14001: 2015), ҚР СТ ІЅО 45001-2019 (ІЅО 45001:2018) стандарттарының талаптарына және ұйымның менеджмент жүйелері құжаттарының талаптарына сәйкестігін растады.
«AVENCOM» ЖШС тарихы 1995 жылдың наурыз айынан бастау алады. Бастапқыда ұйым осы саладағы әлемдік көшбасшы – жапондық SONY компаниясының өнімдеріне кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету үшін құрылды. Осы жерден «АВ Сервис» аббревиатурасы пайда болды – Аудио Бейне Қызметі (Аудио Видео Сервис).
Клиенттің қажеттіліктері мен үміттеріне бағытталған «AVENCOM» ЖШС саясаты менеджмент жүйелерінің стандарттарын енгізу бойынша үлкен ішкі ұйымдастырушылық жұмысты бастауға ықпал етті. Нәтижесінде, 2003 жылғы маусымда компания ҚР СТ ISO 9001 стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттаудан сәтті өтті. 2005 жылы «АВ Сервис» ЖШС құрамынан сервистік орталық шығарылып, кейіннен «AV Service» ЖШС жеке заңды тұлға болып қайта құрылды. Осы сәттен бастап «АВ Сервис» ЖШС неғұрлым перспективті клиенттер үшін ірі интеграцияланған міндеттерді іске асыруға бас бұрды.
Стратегиялық жоспарға сүйене отырып, 2005 жылы «АВ Сервис» ЖШС «AVencom» ЖШС болып өзгертілді. Осы уақытта клиенттердің кешенді міндеттерін орындаудың жоғары кәсібилігі мен сапасын қамтамасыз етуге арналған құрылымдық және ұйымдастырушылық өзгерістер жасалды. 2007 жылы жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында компания жобаларды басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағыт алды. 2009 жылғы 29 мамырда компания «AVENCOM» ЖШС болып қайта тіркелді.
2009 жылғы желтоқсанда компания экологиялық менеджмент және кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелерінің ҚР СТ ISO 14001 және ҚР СТ OHSAS 18001 талаптарына сәйкес енгізді және сәтті сертификаттады, әрі қарай 2019 жылғы қарашада ҚР СТ ISO 45001 жаңа стандартына сәтті көшті.
«AVENCOM» ЖШС қазіргі уақытта біздің республикамыздың экономикасының түрлі секторларында жұмыс істейтін жобалық-бағдарланған компания болып табылады. Онда 90 – нан астам қызметкер жұмыс істейді, олардың көпшілігі ақпараттық (желілік) технологиялар, телекоммуникациялар, техникалық қауіпсіздік және микроклимат жүйелері саласындағы кешенді жобаларды (шешімдерді) әзірлеу, жеткізу, монтаждау, іске қосу-баптау және сервистік қызмет көрсету бойынша клиенттердің ең күрделі міндеттерін шешуге қабілетті жоғары білікті инженерлік-техникалық персонал.
«AVENCOM» ЖШС директоры Андрей Александрович Старостенконың ұйымдастырушылық талантын, оның үлгілі компания құрудағы қайсарлығы мен табандылығын, білікті басшының қуатын, қол жеткізуге оңай емес нақты мақсаттар мен міндеттерді қоя білуін бөлек атап өткім келеді.
«AVENCOM» ЖШС басшылығы мен тамаша ұжымына денсаулық, алдағы уақытта шығармашылық жоспарлардың орындалуын, ұзақ жылдарға жақсылық, бейбітшілік пен амандық тілейміз!

«ҰлтССО» АҚ БҚФ Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін
растау және маркетинг бөлімінің жетекші маманы
Клара Нуржанова 30.10.2023 ж.