Метрология — дәлдіктің бастауы
20 мамыр күні ЖШС «Кызылкум» мекемесінде кәсіби мереке – Метрология күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Бұл күн – өлшеу саласында еңбек етіп жүрген мамандардың дәлдік пен сапаға қосқан үлесін құрметтеу күні.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар өлшеу құралдарын калибрлеу, дәлдік стандарттары, сапа менеджменті және заманауи метрологиялық қадағалау мәселелерін талқылады.
Шараға келесі мекемелердің өкілдері қатысты:
– ТОО «Семизбай-U»
– ТОО «РУ-6»
– ТОО «Байкен-И»
– АО «Волковгеология»
– ТОО «СКЗ-Ю»
– ТОО «Жанакорган Транзит»
Кездесу жылы әрі кәсіби атмосферада өтті. Қатысушылар метрология саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялармен алмасып, салааралық байланысты күшейтуге бағытталған нақты қадамдар белгіледі.
ЖШС «Кызылкум» атынан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Сапа мен сенім – біздің ортақ құндылықтарымыз!
Барша әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Метрология саласындағы еңбектеріңіз өлшеусіз құрметке лайық!