Электрондық паспорт (ЭПТС) – бұл көлік құралдары туралы мәліметтерді тіркеудің және сақтаудың цифрлық форматтағы заманауи жүйесі. ЭПТС жүйесі мемлекеттік басқару саласында цифрландыруды тереңдету және көлік құралдарына қатысты ақпараттың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген. Бұл жүйе көлік құралдарын тіркеудің тиімділігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы бюрократиялық кедергілерді жоюға ықпал етеді.

ЭПТС рәсімдеу процесі

ЭПТС рәсімдеу процесі азаматтың немесе ұйымның қажетті құжаттарын АҚ  Қызылорда филиалы «Ұлттық сараптау және сертификаттау» орталығына ұсыну арқылы жүзеге асырылады, онда барлық рәсімдер кәсіби түрде орындалып, жоғары сапада қызмет көрсетіледі, әрі құжаттардың дұрыстығы мен заңды күшіне кепілдік беріледі.

Ол үшін келесі құжаттар қажет:

  • Жеке куәлік;
  • Көлік құралының құрылысы қауіпсіздігі сертификаты (КҚҚҚС)

Тиісті алым төленгеннен кейін және барлық талаптар орындалған соң, ЭПТС беріледі.

ЭПТС туралы кез келген мәселенің шешімін табуға біздің үздік мамандар шынайы қамқорлықпен және кәсіби шеберлікпен көмектеседі.

Біздің мекен-жай: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі 140, Телефон: 8(7242) 23-56-54

ішкі (8001,8002)