«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат – тауардың шығарылған елі Қазақстан Республикасы болып табылатынын куәландыратын, Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа арналған құжат.
«CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарды жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне шығарылатын тауарларға ресімделеді және беріледі.
Ішкі айналысқа арналған «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар тізілімін https://atameken.kz/ сайтынан көре аласыз. Тауардың шығу тегі сараптамасы саласында қажетті құзыреттілікке ие сарапшы-аудиторлар сертификаттарды алу алдында тауардың шығу тегі сараптамасын жүргізу қажет екенін еске салады және бұған «ҰлтССО» АҚ Қостанай филиалының мамандары әрдайым көмектеседі. Көбінесе кәсіпкер мемлекеттік сатып алу, тауар жеткізу кезінде «СТ KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты талап ететіндігімен бетпе-бет келеді. Өкінішке орай, барлығы экспортқа тауардың шығарылған сертификаттарын (СТ-1, СТ-2, СТ-3, түпнұсқа нысандары, ЕАV нысандары, А нысандары) ішкі айналысқа арналған сертификаттарды (СТ KZ нысандары) біле бермейді. Ең алдымен, «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат ішкі айналымға арналғанын білу қажет. Бұл өнімді экспорттаушыларға қажет емес. «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің негізінде береді. Тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін сараптама ұйымы ресімдейді.
«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қостанай филиалы сараптама ұйымы болып табылады, тауардың шыққан елін анықтау бойынша сараптама актісін ресімдейді. Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі негізінде «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат береді.
Жұмыс өтініш беруші құжаттар пакетін дайындаудан басталады.
1 кезең. Тауарлардың шығу тегіне сараптама жүргізу.
- сараптама шарт негізде жүргізіледі;
- негіздеме – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығы Ережесінің 25-тармағына сәйкес өтінім және құжаттар;
- сарапшы-аудитор өндіріс орналасқан жерге барады;
- сараптама жүргізу және актіні беру мерзімі-құжаттардың толық топтамасымен өтінім тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Біздің филиалдың қызметкерлері әрдайым білікті көмек көрсете алады, әсіресе онымен алғаш кез-
дескен кәсіпкерлер үшін.
2 кезең. Өңірлік кәсіпкерлер палатасында «СТ-KZ» нысанындағы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру.
- «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзіміне байланысты берілген күннен бастап 12 немесе 36 айды құрайды.
Шығу тегі сараптамасы өтініш беруші үшін де, біздің мамандар үшін де көп еңбекті қажет ететін жұмыс болып табылады. Бұл табу, рәсімдеу, тексеру, олардың жарамдылығы туралы талдау жасау және болашақта сараптама актісін жасау кезінде қолданылатын көптеген құжаттарға байланысты.
Өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін қазіргі уақытта https://business.documentolog.com/ ақпараттық жүйесі қолданылады Кәсіпкер біздің кеңсеге физикалық түрде келмеуге мүмкіндігі бар. Тауардың шығу тегі сараптамасына өтінімді, «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға өтінім беруді, барлық құжаттарды осы электрондық жүйеде орналастыруға болады. Бұл кәсіпкерлер үшін ыңғайлы, уақытты үнемдейді.
Қажет болған жағдайда осы салада қызметтер кешенін көрсету туралы біздің мамандардан барлық қажетті кеңесті алуға болады. Телефоны 522-066 ішкі 7707, 7701.
«ҰлтССО» АҚ ҚФ
МСЖ СРБ 1 санатты маманы
Ақмағамбетова Б. Б.