Күл-қожды материалды және ұшпа күлді, бетон қоспасын өндіру кезінде және құрылыс ерітіндісін минералды қоспа ретінде, ішінара алмастыратын цемент, сонымен қатар ішінара немесе толық алмастыру үшін ұсақ толтырғышты қолдана алады.
Ұшпа-күл сапа көрсеткіштеріне байланысты төрт түрге бөлінеді:
I – жеңіл және ауыр бетоннан жасалған бұйымдар мен темірбетон құрылымдары үшін;
II – құрылыс ерітінділері, жеңіл және ауыр бетоннан жасалған бұйымдар мен бетон құрылымдары үшін;
III – кеуек бетонан жасалған құрылымдар мен бұйымдар үшін;
IV – гидротехникалық ғимараттардың құрылысы кезінде қолданылатын, жол, әуеайлақ және т.б. бетон және темірбетон бұйымдары мен құрылымдары үшін.
Ауыр және жеңіл бетондарды, құрылыстық ерітінділерді жасау үшін бетондар мен ерітінділердің сапасын арттыру, бетондар мен ерітінділер қоспаларының технологиялық қасиеттерін жақсарту, цемент пен толтырмалардың шығынын төмендету үшін ұшпа күлді қолданады. Ұялы бетондарды жасаған кезде қоспаның кремнийтопырақты құрамы ретінде, сонымен бірге автоклавты емес бетондарда цементті үнемдеу мақсатында қышқыл күлді пайдалану қажет. 30 % кем емес СаО құрамды негізгі күлдерді автоклавты және автоклавты емес қатайатын ұялы бетондарда цементті немесе әкті ішінара алмастыру үшін тұтқыр ретінде, құрылыстық бетондар мен ерітінділерді жасағанда цементте немесе басқа тұтқыр құрылымда минералды қосымша ретінде пайдалану ұсынылады. Құрылмалық-жылуоқшаулағыш бетондарда кеуекті құмдарды және бетонның тығыздығын төмендету үшін қышқыл күлді ішінара неме толығымен алмастыру үшін пайдалану қажет. Гидротехникалық ғимараттардың су асты және ішкі аймағының құрылмалары үшін қышқыл күлдің IV түрін қолдану қажет.
«ҰлтССО» АҚ ПФ сынау орталығының ұшпа күлді пайдалану арқылы бетонның беріктік сипаттамаларын анықтау және құрамын таңдау бойынша сынаулар жүргізе алады және мүдделі тұлғаларды ынтымастыққа шақырады.
Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша келіңіздер: Павлодар қ.,
Жамбыл көш-сі, 2, тел.: +7 700 466 63 27, 390-688 (вн. 9032, 9034), e.mail: icpf@mail.ru
Бестава Анна Яковлевна
«Ұлттық сараптау және сертификаттау» АҚ Павлодар филиалының
құрылыс материалдары мен өнеркәсіптік өнімдерді сынау бойынша зертхана бастығы