23.09.2023 ж. бастап 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 143 ЕЭК кеңесінің шешімімен қабылданған «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 033/2013 өзгерістер өз күшіне енеді.
«Негізгі ұғымдар» тарауына бірнеше өзгертулер енгізілді. Жаңа редакцияда «қалпына келтірілген сүт», «балмұздаққа арналған қоспа құрғақ», «сүтті сары су құрғақ», «сүзбе қоспасы» сияқты анықтамалар баяндалды, тарау «құрамында сүт бар балмұздақ», «сүт өндірісінің жанама өнімі қойытылған» ұғымдарымен толықтырылды, сондай-ақ жоғарыда аталған тарауда біршама сандық мәндер мен ұғымдар түзетілді.
«XII. Сүт және сүт өнімдерінің таңбалануына қойылатын талаптар» тарауының 72 пунктіне айтарлықтай өзгеріс енгізілді. Өзгерісте мынадай жағдай қарастырылған, аталған техникалық регламентте осы немесе басқа ұғымдардың болмауы және атауында бірнеше ұғымдардың құрамдасуына жол беру.
Регламент қосымшасына көптеген өзгерістер енгізілді, олар ішуге арналған кілегейге, соның ішінде зарарсыздандырылған; йогурт, қаймақ, ірімшіктен басқа бифидобактериялары мен басқа пробиотиктік микроағзалары бар қышқылсүтті өнімдерге; су, йогурт, майлылығы жоғары кілегей қосып дайындалған қышқылсүтті өнімдерге; құрғақ сүтті сары суға; кесте сілтемесіне (№1 қосымша, 1 кесте), өзгертулер 4, 6 кестелеріне және 1 қосымшаның ескертпесіне енгізілді.
Дайындаушы-кәсіпорын зертханалары мен сынақ орталықтарының мамандарын қауіпсіздік көрсеткіштерімен, сондай-ақ сүт және сүт өнімдерінің сапалы көрсеткіштерімен байланысты 2, 3, 7, 8, 12, 14, 16 қосымшаларына енгізілген өзгерістер қызықтыруы мүмкін.
Қостанай филиалының өнімді сынаумен және стандарттау секторымен байланысты таңбалауға қатысы бар сынақ орталығының мамандары жаңа өзгерістер енгізуге дайын және Қостанай облысы мен жалпы Қазақстан Республикасының кәсіпорындарын осы бағыттар бойынша ынтымақтастыққа шақырады.
«ҰлтССО» АҚ ҚФ
Стандарттау секторының меңгерушісі
Ерохина Т.Д.