Дүниежүзілік сапа күні – жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде әлемнің көптеген елдерінде өткізілетін шара.
Сапа проблемасы әлемнің жетекші елдерінің экономикасындағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі жағдайда сапа – кез келген кәсіпорынның, кез келген саланың және әрбір елдің табысының кепілі.
Сапа ұғымы қазіргі өркениеттің игілігі, өмір сүру сапасымен тығыз байланысты және бұл қоршаған ортаны сақтау, адамның физикалық денсаулығы мен психологиялық жайлылығы.
Әрқайсымыз күн сайын сапа мәселесімен және оның болмауымен бетпе-бет келеміз. Сондықтан бұл мерекені халықтық деп атауға болады. Біздің жұмысымыздың сапасы, бізге көрсетілетін қызметтер, біздер тұратын үйлер, балаларымыз оқитын мектептер, бізді қоршап тұрған барлық нәрсе және біз тұратын мемлекет. Жұмыс істеуді білетін және жақсы көретіндердің, басқалардың еңбегін құрметтейтіндердің және сапалы тауарлар мен қызметтерді алғысы келетіндердің мерекесі.
Баршаңызды осындай тамаша күнмен құттықтаймыз және сапа сіздің өміріңіздің нормасына айналуы үшін идеалға ұмтылуларыңызға тілектеспіз!
2022 жылы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Маңғыстау филиалы «Holiday Inn Aktau» қонақ үйінде кәсіпорындар мен серіктестер, іскер әйелдер одағының басшысы, Маңғыстау облысы әкімдігінің және «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдерінің қатысуымен салтанатты шара өткізілді. Іс-шара барысында, «ҰлтССО» АҚ Маңғыстау филиалының директоры Балмағамбетов Д.М., Іскер әйелдер одағының төрайымы Салихова С.Х., «Атамекен» ҚР ҰКП директорының орынбасары Айтжанова А.Т., «ҰлтССО» АҚ Маңғыстау филиалының Өнім және қызметтерді сертификаттау бөлімінің басшысы, сарапшы-аудитор Бекимова Ш.К. сөз сөйледі.
Шара соңында 6 кәсіпорынның өкілдеріне «Сапа көшбасшысы-2022» сертификаттары мен естелік кәдесыйлар, сапа саласына қосқан үлесі үшін тағы 6 кәсіпорынға алғыс хаттармен марапатталды. Марапатталған кәсіпорындардың қатарында «Хан Компани» ЖШС, «ДСК Қараойқұрылыс» ЖШС, «Өрт қорғау-Ақтау» ЖШС, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ, «КаспианТасЖол» ЖШС, «АЛТЫН ДАН АҚТАУ» ЖШС бар.
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы»
АҚ Маңғыстау филиалының МЖБ басшысы
Тумышова Лаура Усеновна